AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚАЗАҚСТАННЫҢ 700-ДЕН АСТАМ МЕДИЦ...

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚАЗАҚСТАННЫҢ 700-ДЕН АСТАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМЫНДА ИНСУЛЬТ ПЕН ОБЫРДЫ ЖЫЛДАМ АНЫҚТАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

Медицина Бүгін 16:36 28
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚАЗАҚСТАННЫҢ 700-ДЕН АСТАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМЫНДА ИНСУЛЬТ ПЕН ОБЫРДЫ ЖЫЛДАМ АНЫҚТАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

Қазақстанда жасанды интеллект дәрігерлерге қауіпті аурулардың белгілерін жылдам анықтауға, медициналық суреттерді талдауға және құжаттарды рәсімдеуге кететін уақытты қысқартуға көмектесуде, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бүгінде еліміздегі 700-ден астам медициналық ұйым жасанды интеллект негізіндегі оннан астам шешімді қолданады. Басты мақсат – ауруларды дер кезінде анықтап, пациенттермен жұмыс істеуге көбірек уақыт бөлу.

Басты бағыттардың бірі – инсультті диагностикалау. CerebraAI жүйесі компьютерлік томография (КТ) суреттерін талдап, дәрігерлерге бас миының зақымдану белгілерін жедел анықтауға көмектеседі.

Қазіргі уақытта бұл технология Астана қаласындағы, Ақмола, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау облыстарындағы және Жетісу облысындағы 17 инсульт орталығында қолданылады.

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап осы жүйенің көмегімен инсультке күдік болған 23,5 мыңнан астам пациенттің тексеру нәтижелері талданды.

Инсульт кезінде әр минуттың маңызы зор. Диагнозды дер кезінде анықтау емдеуді тезірек бастауға, ауыр асқынулар мен мүгедектік қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ жасанды интеллект сүт безі мен өкпе обырының белгілерін ерте анықтауда, стоматологиялық диагностикада да қолданылады.

Қазақстанда дәрігерлерге медициналық құжаттарды рәсімдеуге көмектесетін цифрлық көмекшілер де енгізілуде.

Бүгінде Alima цифрлық көмекшісін 4 205 дәрігер пайдаланады. Пилоттық жоба барысында асқынбаған аурумен келген пациентті қабылдау кезінде медициналық құжаттарды рәсімдеуге кететін уақыт төрт есе қысқарған. Бұрын бұл жұмысқа алты минут жұмсалса, қазір бір жарым минут жеткілікті.

Бұл дәрігерлерге пациенттерді тексеруге, консультация беруге және емдеуге көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жасанды интеллект медицина маманын алмастырмайды, керісінше, оның жұмысына көмектеседі. Диагноз қою және ем тағайындау туралы шешімді бұрынғысынша дәрігер қабылдайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жасанды интеллект
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қаржы министрлігінде жаңа Конституциядағы адам құқықтары мен бостандықтары мәселелері талқыланды

Бүгін 16:31

Қазақстанның негізгі көлік бағыттарында жүк тасымалына бақылау күшейтілді

Бүгін 16:06

Алматыда коммуналдық қызмет алдағы жауын-шашынға байланысты дайындықты күшейтті

Бүгін 15:24

Алматыда LEZ жобасы аясында 3,4 мыңнан астам автокөліктің зиянды шығарындылары белгіленген нормадан асқаны анықталды

Бүгін 14:42

Қазақстанда ЖРВИ мен тұмау боынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Бүгін 14:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);