AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Сөз – ішкі әлеміңнің айнасы

Сөз – ішкі әлеміңнің айнасы

Мәдениет 07.04.2026, 14:22 204 yakiya
Сөз – ішкі әлеміңнің айнасы

Соңғы уақытта адамдар арасында өзара түсіністік азайып, шиеленісті жағдайлар мен дау-жанжал жиілеп кеткені байқалады. Әлеуметтік желілердегі дөрекі пікірлер, күнделікті өмірдегі кикілжіңдер мен қақтығыстар – мұның бәрі адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасының күрделене түскенін көрсетеді. Осындай жағдайда әр сөздің салмағы бұрынғыдан да ауырлай түседі. Себебі кез келген жанжал да, керісінше, кез келген татулық та ең алдымен сөзден басталады.

«Сөздің магиялық ерекше күші бар» деген түсінік ежелден-ақ әртүрлі мәдениеттерге тән. Адамдар «Сөз – тек ақпарат жеткізуші ғана емес, сонымен қатар тағдырға, көңіл күйге, тіпті денсаулыққа әсер ететін күш» деп сенген. Қазіргі ғылым да бұл түсініктің жай ғана наным емес екенін дәлелдей бастады.

Бүгінде көптеген адамдар жағымсыз сөздерден саналы немесе бейсаналы түрде қашуға тырысады. Бұл – сөздің адам психикасына әсер ететінін ішкі деңгейде сезінудің көрінісі. Ғалымдар тіл мен ойдың, сөз бен эмоцияның арасындағы байланысты белсенді түрде зерттеуде. Мысалы, неміс ғалымдары жүргізген тәжірибеде адамдарға ауырсыну мен жағымсыз сезімдерді сипаттайтын сөздерді ойша елестету тапсырылған. Ми қызметі арнайы құрылғылар арқылы бақыланғанда, мұндай сөздерді елестету кезінде мидың дәл ауырсынуға жауап беретін аймақтары белсенді болатыны анықталған. Яғни, адам нақты ауырмаса да, сөз арқылы сол сезімді белгілі бір деңгейде қайта бастан кешіреді.

Ғалымдардың пікірінше, мұндай механизм эволюциялық тұрғыдан маңызды рөл атқарған. Ауырсынуды еске салатын сөздер адамды қауіпті жағдайлардан сақтануға итермелейді. Егер адам өткен тәжірибеден сабақ ала алмаса, өмір сүруі қиындай түсер еді. Демек, сөз – тек қарым-қатынас құралы емес, адам өмірін қорғаудың табиғи жолы.

Зерттеулер көрсеткендей, сөзге жауап беретін ми аймақтары ағзадағы зат алмасуды реттейтін жүйелермен тығыз байланысты. Яғни сөз адамның биохимиялық процестеріне әсер ете алады. Атап айтқанда, сөздер стресс гормоны – кортизолдың деңгейіне ықпал етуі мүмкін. Мысалы, жұмыс орнында психологиялық қысым көретін адамдардың жүрек-қан тамырлары ауруларына жиі шалдығатыны анықталған. Бұл – жағымсыз сөздер мен жаман қарым-қатынас денсаулыққа тікелей әсер ететінінің айқын дәлелі.

Психологтер денсаулықты сақтау үшін позитивті ойлау мен жағымды сөздерді қолданудың маңызды екенін ерекше атап өтеді. Оптимистік көзқарастағы адамдардың жүрек-қан тамырлары жүйесі, денсаулығы әлдеқайда мықты болатыны дәлелденген.

Сонымен қатар, тәжірибелердің бірінде адамдардың бір тобы күнделікті жақсы оқиғаларды жазып, алғыс білдірумен айналысқан. Нәтижесінде, дәл осы топтағы қатысушылар өздерінің психологиялық және физикалық жағдайының жақсарғанын айтқан.

Әр сөздің өз салмағы бар. Қоғамдық шиеленістер мен ақпараттық қысым күшейген бүгінгі заманда сөздің маңызы бұрынғыдан да арта түсті. Айтқан әр сөзің – ішкі әлеміңнің айнасы. «Сөз – айтылғанша адамның тұтқыны, айтылған соң адам – сөздің тұтқыны» деген бар. Сондықтан сөйлегенде өз сезімің мен ойыңның тазалығына мән беру маңызды. Жағымсыз сөздер күйзеліс пен ауру-сырқатқа душар етсе, жағымды сөздер үміт, сенім және көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

Сондықтан әр адам өз сөзіне жауапкершілікпен қарап, айналасына жылулық сыйлауды, құрметпен қарауды әдетке айналдырғаны жөн. Өйткені аузымыздан шыққан әрбір сөз біздің ғана емес, қоғамның да болмысын қалыптастырады.

Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сөз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);