Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Соңғы 6 жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің к...

Соңғы 6 жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,8 есе өсті

Экономика 19.03.2025, 11:08 637
Соңғы 6 жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,8 есе өсті
Сурет: Gov.kz

Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының басым салаларының бірі.

Ауылдық жерлерде ел халқының 38%-ы тұрады, бұл шамамен 7,6 миллион адамды құрайды. Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кешен еңбекпен қамтылған халықтың жалпы санының 11% жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Соңғы алты жылда АӨК мемлекеттік қолдаудың кешенді шараларын іске асырудың арқасында оң серпін көрсетті. Табыстың негізгі факторларының бірі саланы субсидиялауға қомақты қаражат бөлу болды. Осы кезеңде АӨК-ні қолдауға 2,5 трлн. теңге, бұл ретте 2025 жылға 655,2 млрд. теңге мөлшерінде қосымша қаржыландыру көзделген.

Мұндай инвестициялардың нәтижесі ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің айтарлықтай өсуі болды. Алты жыл ішінде ол 1,8 есе өсіп, 8,3 трлн теңгеге жетті. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 3,8 трлн. теңгеге көп, өйткені 2018 жылы 4,5 трлн. теңгені құраған.

Бұдан басқа, мемлекеттік қолдау шараларының арқасында АӨК негізгі капиталына инвестициялар ағынының тұрақты үрдісі сақталуда.

Мәселен, соңғы бес жылда ауыл шаруашылығына инвестиция көлемі 2,5 есеге ұлғайып, 2024 жылы 919 млрд.теңгені құрады (2018 жылы салыстырғанда 365 млрд. теңге). Сол кезеңде азық-түлік өндірісіне салынған инвестициялар 40% - ға артып, 180,8 млрд.теңгеге жетті (2018 жылмен салыстырғанда 125,7 млрд. теңге).

Инвестиция сонымен қатар ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің артуына ықпал етті. 2023 жылдың қорытындысы бойынша бір жұмыспен қамтылғандарға еңбек өнімділігі 4,2 млн.теңгені құрады, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен екі есе көп (2,1 млн. теңге).

Соңғы алты жылда елімізде азық-түлік өндірісінің көлемі 2,1 есеге артып, 3,3 трлн. теңгені құрады. Өз кезегінде АӨК өнімдерінің экспорты да айтарлықтай өсім көрсетті. Бес жыл ішінде экспорт көлемі 1,7 есеге артып, 2024 жылы 5,1 млрд.АҚШ долларын құрады (2018 жылмен салыстырғанда 3,1 млрд. АҚШ доллары).

Осылайша, агроөнеркәсіптік кешен мемлекеттік қолдаудың, инвестициялар тартудың және еңбек өнімділігін арттырудың арқасында нығайып, дамуын жалғастыруда. Осы факторлардың барлығы ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын және оның ел экономикасына елеулі үлесін қамтамасыз етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауыл шаруашылығы #жалпы өнім #экономика #басым сала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика