AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Соңғы 5 айда Қытайға баратын отандастарымыздың сан...

Соңғы 5 айда Қытайға баратын отандастарымыздың саны артқан

Әлеумет 01.04.2024, 16:13 917
Соңғы 5 айда Қытайға баратын отандастарымыздың саны артқан
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қос ел арасында визасыз режим енгізілген соң Қазақстан азаматтары Қытайға жиі бара бастаған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.



«Былтыр 10 қарашада күшіне енген екі ел арасындағы келісім өз нәтижесін беріп жатыр. Статистикаға сүйенсек, 2023 жылғы 10 қарашадан бері Қазақстанға 126 мың Қытай азаматы келген. Сондай-ақ осы уақыттан бері Қытайға 173 мың қазақстандық барған. Өзім де 2 күн бұрын Қытайға барып келдім. Ұшақтың бәрінде толған Қазақстан азаматтары. Сұрастырсаң, көбі турист. Мысалы, 1-2 ата-ананы көрдім. Олар балаларын (Қытайда) оқыту үшін университет қарауға бара жатыр екен. Сондықтан мәдени гуманитарлық байланыс нығайып келеді. Президенттің және сыртқы істер министрінің сапары да өте сәтті өтті деп ойлаймын», - деді ресми өкіл.



Еске салайық, 2023 жылдың қарашасында Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим күшіне енді. Екі тараптың келісіміне сәйкес, Қытай және Қазақстан азаматтары көрші елде шекарадан өткен күннен бастап 30 күнге дейін визасыз бола алады. Жалпы 180 күн ішінде визасыз 90 күннен артық жүре алмайды.



«2023 жылғы 10 қарашада Қазақстан үкіметі мен Қытай үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім күшіне енді. Осы келісімнің 1-ші бабына сәйкес, екі елдің азаматтары жеке істерді, туризмді, ем қабылдауды, халықаралық тасымалдарды, транзиттік, сонымен бірге іскерлік мақсаттарды жүзеге асыру үшін визалық талаптардан босатылады. Осы ретте азаматтардың екі мемлекет аумағында болу мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімдегі кезеңге, ал күнтізбелік 180 (жүз сексен) күн ішінде жиынтығында күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспауы қажет», деп жазылған Қазақстан СІМ-нің хабарламасында.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қытай #виза #туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық боксшылар Қазақстан қоржынына екі алтын және бір қола медаль салды

Бүгін 14:26

Ақжар ықшамауданында суық су болмайды

Бүгін 14:14

Кей қазақстандықтар құмар ойынға қатыса алмайтын болды

Бүгін 12:04

Тоқаев Король Виллем-Александрды Нидерландтың ұлттық мерекесімен құттықтады

Бүгін 11:52

Алматыда биыл тұрғын үйлерге 300-дей тексеріс жүргізеді

Бүгін 11:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика