AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Соңғы 3 жылда қазақстандықтар құмар ойындарға 1 тр...

Соңғы 3 жылда қазақстандықтар құмар ойындарға 1 трлн теңге жұмсаған

Әлеумет 31.01.2025, 09:09 503
Соңғы 3 жылда қазақстандықтар құмар ойындарға 1 трлн теңге жұмсаған
Сурет: psyhosoma.com

Елімізде 200 мыңға жуық азамат құмар ойындар мен бәс тігуден өз еркімен бас тартты.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, өткен жылы іске қосылған жүйе қазір оң нәтиже көрсетуде. Букмекерлік кеңселер мен казинолар, құмар ойын сайттарынан өзін шектейтіндер қатары артып келеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Мұндай шешімге келгендердің дені - жастар. Сондай-ақ, жаңа жүйеге ата-аналар тарапы да жиі жүгінетін болған.

Елде 400 мыңға жуық адам букмекерлік кеңселер мен казинолардың тұрақты тұтынушыларына айналған. Бүгінде елде ойынға тәуелділерді тегін емдейтін 20 мемлекеттік мекеме бар.

Алтынай Төкенқызы, ҚР ДСМ «Республикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» бас директоры:

Негізі бізде 20 емдеу мекемесі бар. Ол психикалық орталықтар, сонда ем алуға болады. Және қосымша оңалту орталықтар жұмыс істейді. Ол бізде 6 ересектерге арналған және 6 балаларға арналған оңалту орталықтары бар.

Соңғы 3 жылда қазақстандықтар құмар ойындарға 1 трлн тг жұмсаған. Қазір мемлекет лудоманиямен күресті күшейтті. Былтыр 3 жылдық кешенді жоспар қабылданған. Содан бері 187 мыңнан астам адам құмар ойыннан өз еркімен бас тартқан.

Абдель Балтатегі, ҚР Туризм және спорт министрлігінің басқарма басшысы:

Негізі өз-өзін шектеу бойынша екі жолмен жұмыстар жасауға болады. Ол Е-қызмет пен Е-өтінішпен арқылы біздің комитетіміздің атына өтініш жазып, шектеуге болады. Және eGov қосымшасы арқылы онлайн шектеу қоюға болады. 6 айдан - 10 жылға дейін. Және ол өтініш қайтарылмайды. Басқа адамдар да сот арқылы балаларына, туысқандарына шектеу қоя алады.

Қазір көшелерде, үйлердің қасбеті мен көліктердің сыртында букмекерлік кеңселерді жарнамалауға тыйым салынған. Одан бөлек, несиесін 90 күннен астам уақыт төлемей жүрген, алимент пен салыққа қарызы 3 млн-нан асқан азамат бәс тіге алмайды. Оған қоса, 300 мыңға жуық әскери мен мемлекеттік қызметшілер ойын бизнесінен шеттетілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Құмар ойын #шектеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Наурыз шоу»: Қазақ мемлекеттік циркі алматылықтарға бірегей бағдарлама ұсынды

Кеше 20:58

Алматыда Абай алаңында түркі халықтарының қолөнері таныстырылды

Кеше 20:15

Тазару күні әскерилер гарнизондарда экологиялық бастамалар өткізді

Кеше 20:06

Алматыдағы Абай алаңында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жалғасып жатыр

Кеше 19:56

Концерттен кейін – тазалық жұмыстары: алматылық еріктілер Астана алаңында сенбілік өткізді

Кеше 19:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика