Солтүстік Қазақстан облысында «Ұлы Дала жорығы» халықаралық марафоны басталды

Солтүстік Қазақстан облысында «Ұлы Дала жорығы» халықаралық марафоны басталды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бүгін V дүниежүзілік көшпенділер ойынының аясында өткізілетін «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі Лобанова ауылында бастау алды. Марафон Солтүстік Қазақстандағы Ботай қонысынан басталып, Астанада аяқталады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Оған шет мемлекеттерден 10-ға жуық шетелдік команда және 9 отандық команда қатысты. Қатысушылар 500 шақырымды еңсеруі керек.

Аталған іс-шара шетелдік қатысушыларға көшпелі өркениеттің заманауи үлгісін көрсетуге және қазақ мәдениетін насихаттауға бағытталған. «Ұлы дала жорығы» жобасының негізгі мақсаты – ұмыт бола бастаған жылқы тұқымдарын қайта жаңғырту. Жарысқа қарашай, кабардин, араб, татар, башқұрт, жаңа қырғыз тұқымдары қатысып жатыр.

«Ұлы Дала жорығы» марафон-бәйгесінің аясында ұйымдастырылған маңызды іс-щараның бірі – «Ботай – Ұлы Дала мәдениеті» жылжымалы көрмесі. Марафон қатысушылары, келген қонақтар Ботай мәдениетімен терең танысып, энеолит заманындағы құнды тарихи жәдігерлерді тамашалады. Аталмыш іс-шараның бағдарламасына Ботай көрмесінің енуі кездейсоқ емес. Осыдан 44 жыл бұрын археолог-ғалымдар сенсациялық жаңалық ашты. Солтүстік Қазақстан жерінде қамбар ата түлігі ең алғаш қолға үйретілген деген тұжырым жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21