ffin.kz

«Сольналь – 2023» - жақсылық пен жаңарудың басы

«Сольналь – 2023» - жақсылық пен жаңарудың басы

Республика Сарайында Қазақстан кәрістер қауымдастығының ұйымдастыруымен «Сольналь-2023» жаңа жыл мерекесіне арналған мерекелік жиын өтті.


Аталмыш мереке қыстың аязды күндеріне дәл келгенімен, жылылыққа толы. Бұл күнді тек біздің еліміздегі ғана емес, бүкіл дүние жүзіндегі корейлер асыға күтеді. Еңкейген кәріден еңбектеген балаға дейін бұл күні бір-біріне жылы сөз айтып, кең пейілділік танытады. Көптен көріспеген жандардай бір-бірімен сағынысып, ыстық көңілмен қауышып, мерекенің маңызын тіпті арттыра түседі. Бұл күні айтулы мерекені атап өтуге ересектермен бірге бүлдіршіндер де келді.



Ай күнтізбесінің бірінші күніне дәл келген бұл мереке - корей халқының дәстүрлі мейрамдарының бірі. Жалпы, Алматыда аталмыш мереке 1989 жылдан бері атап өтіліп келеді. 


Алғашқы сөз кезегін алған Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мерекеге арнайы келген қонақтар мен қала тұрғындарын ыстық ықыласпен құттықтады.


"Сольналь – жаңарудың, тазалықтың және жақсылыққа деген үміттің символы. Ол жақсылықтың, ақиқаттың және әділеттіліктің салтанат құруын білдіреді. Мереке бәрімізді игі істерге, ізгілікке, бауырмалдылыққа шақырады. Шығыс Жаңа жылының басталуы - әр адамның өміріндегі өте маңызды оқиға. Мереке жаңару, жасарумен қатар баршамызды жақсылыққа үндеп, достық байланысты нығайтуға көмектеседі, жақсылық пен өзара сыйластыққа үйретеді", - деді шаһар басшысы.



Келесі кезекте Қазақстан корейлер қауымдастығының төрағасы Юрий Шин сөз алып, Қазақстанда барлық этностарға, соның ішінде корей мәдениеті мен әдебиетін дамыту үшін барлық жағдайлардың жасалғанын атап өтті.


Қазақстан корейлер қауымдастығы төралқасының мүшесі, «Коре ильбо» газетінің бас редакторы Константин Ким өз кезегінде қазақстандық корейлер дәстүр бойынша туған мәдениеті, әдет-ғұрпы туралы білімдерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетінін айтты.


Биылғы жылы мерекеде 500-ге жуық жеке орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Олардың қатарында ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева, республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының әртістері, Алматы корей ұлттық орталығының ұжымдары және шақырылған әртістер бар.


Мерекелік концертке дәстүрлі корейлік ханбок костюмімен келген әрбір адамға Қазақстан корейлер қауымдастығынан ерекше сыйлық табыс етілді. Республика сарайының кең залында дәстүрлі Корей жәрмеңкесі өтіп, онда ұлттық кәдесыйлар, косметика және корей өнімдері сатылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00