AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Словенияда президент сайлауының екінші кезеңі өтуд...

Словенияда президент сайлауының екінші кезеңі өтуде

Әлем 13.11.2022, 09:00 1,254
Словенияда президент сайлауының екінші кезеңі өтуде
Сурет: Inform.kz

Словения президент сайлауының екінші кезеңінде елдің бұрынғы СІМ басшысы Анже Логар және солшыл орталық көзқарастағы Наташа Пирц-Мусар бақ сынайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.






Сайлау учаскелері жексенбі, 13 қараша, жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де ашылып, сағат 19.00-де жабылады. Бірінші турда үміткерлердің ешқайсысы 50 пайыздан асатын дауыс жинаған жоқ.


Жоғарғы лауазымға бұрынғы СІМ басшысы, оңшыл орталық Словения демократия партиясының депутаты Анже Логар және солшыл орталық көзқарасты ұстанатын бейпартиялық кандидат, адвокат Наташа Пирц-Мусар таласады.


23 қазандағы бірінші турдың қорытындысы бойынша бюллетеньдердің 99 пайызын өңдегеннен кейін Словенияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Логар шамамен 34 пайыз, Пирц-Мусар 27 пайыз төңірегінде дауыс жинады.


Үшінші орынды Еуропарламент депутаты, «Әлеуметтік демократтар» партиясының және «Бостандық» қозғалысының кандидаты Милан Брглез иеленді, ол 15,41 пайыз дауыс жинады.


Қазіргі президенттің мандаты желтоқсанда аяқталады.


Сайлауға жеті үміткер қатысты.


Жаңа мемлекет басшысы 23 желтоқсанда Словенияның қазіргі президенті Борут Пахордың бес жылдық мандаты аяқталған кезде қызметіне кірісуі керек.


Айта кетейік, Словения - парламенттік республика, сондықтан ел президентінің функциялары шектеулі.







Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау #президент #Словения
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

Бүгін 12:28

«МАНАРБЕК ЕРЖАНОВ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АҢЫЗЫ» атты мерейтойлық кеш өтеді

Бүгін 12:14

Мұғалімдерге не сыйлауға болады?

Бүгін 12:08

Олжас Бектенов атом өнеркәсібін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 11:45

Екі аптаға созылған арпалыс: алматылық дәрігерлер 11 баланың анасы мен оның жаңа туған қызын аман алып қалды

Бүгін 11:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);