Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Сиыр сауып, сүт сатқан қыз

Сиыр сауып, сүт сатқан қыз

Өмір-өзен 16.02.2023, 04:00 1,378
Сиыр сауып, сүт сатқан қыз
almaty-akshamy.kz

бүгінде ірі мұнай компаниясының инженері


 Мақпал есімді қазақ қызы Қырғызстанда, шағын қалашықта туған. Отбасының кедей тұрғанын айтады. Тіпті, кейде майға пияз қуырып, оны нанмен жеген күндері де болғанын жасырмайды. Ал бүгінде АҚШ-тың ірі ConocoPhillips мұнай компаниясының инженері болып еңбек етіп жүр.


Сегіз жасынан бастап ата-анасына, шаруашылықа көмектесе бастайды. Бұл отбасы жиған-терген ақшасына екі сиыр сатып алып, кішкентай Мақпал да сиыр саууды үйреніп, тіпті, әжесімен бірге сүзбе де дайындайды. Кейінірек базарға ата-анасына ілесіп келіп, сауда жасауға көмектесе бастайды.


Мақпал бұғанасы бекімей жатып, үйдің қыруар шаруасын атқара жүріп, алдына «мектепті аяқтап, жоғары оқу орнына түсуім керек, қалайда бірінші боламын» деген мақсат қояды. Ағылшын тіліне де сол бала шағынан қызыға бастаған. Сөйтіп, кітап сатып алуға өз бетінше ақша жинай бастайды. Шыны бөтелкелер жинап, одан түскен болмашы тиындарын асқан төзімділікпен жинай берген. Кітаптың құны 200 сом болатын. Ақыры сол қаражатты жинап, арманындағы тіл үйрететін кітабын сатып алады.



Оның отбасында Қазақстанға – атамекенге көшу туралы үнемі әңгіме болатын. Себебі, олар жоғары білім алу үшін көбірек мүмкіндіктер Қазақстанда бар деп есептейтін. Бірақ бір үйлі жанның атажұртқа көшіп келуіне материалдық жағдайы көтермейтін болған соң, 15 жастағы Мақпал бір өзі келеді білім қуып. Онда да Қырғызстанмен шекаралас жатқан Қордай ауданына табан тірейді. Білімге құштар өжет қыз өз бетінше пәтер жалдап тұрып, жергілікті мектепте орта білімін жалғастырады. Әр сенбі, жексенбіде ата-анасына көмектесу үшін Қырғызстанға қайтатын. Ол сонда да тек «бестік» деген бағамен оқыған. Түрлі пәндік олимпиадаларға қатысқан. Әсіресе, ағылшын және математиканы жақсы көрді. Мектепті үздік бітірді.



Бірде Мақпал анасына бір құрбысының АҚШ университетінде оқыған ұлы туралы мақтанышпен айтып отырғанын естіп қалады. Бала күнінен ағылшын тіліне ынтық қызға анасы бірден қолдау көрсетеді. Қолдау болғанда да, американдық білім беру визасын алу үшін бірнеше несие алады. Сөйтіп, Мақпал Техас штатындағы ең үлкен қала – Хьюстонға жол тартады. Сенеміз бе, оның қолында ноутбук тұрмақ, ешқашан ұялы телефон да болған емес. Тек ұшу билеті және жол сөмкесі ғана болған еді. Тілді де жетік білмейтін.


Шамамен бір жылдан кейін тіл үйреніп, ақша жинап алғаннан кейін, қыз Хьюстон қоғамдық колледжіне оқуға түседі. Онда екі бағыт бойынша білім алды: Business және Аssociate of science. 2016 жылы колледжді үздік бітіреді. Сол жылы ол Хьюстон университетіне бизнес бағытында оқуға түседі. Біраз уақыттан кейін ол Техаста өте дамыған мұнай-газ саласына қызығушылық танытады. Сол жылдың күзінде оның университетінде әлеуетті жұмыс берушілер үшін «Ашық есік» күні өткен болатын. Мақпалдың жұлдызы жанған күн ол. Бүгінде ол ConocoPhillips ірі мұнай компаниясында кіші инженер болып еңбек етіп жүр.


 Әзірлеген  Нұржамал ӘЛІШЕВА.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мақпал #Қазақ #инженер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32

Алматыда дәмханаға заңсыз салынған нысан сүріліп жатыр

Бүгін 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика