Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Нарық / Сиыр жылының экономикалық көрсеткіштері қандай бол...

Сиыр жылының экономикалық көрсеткіштері қандай болды?

Нарық 30.12.2021, 12:11 2,103
Сиыр жылының экономикалық көрсеткіштері қандай болды?
Сурет: Тhinglink.com

Инвестициялық белсенділік, алыс-беріс көлемін арттырып, экспортқа басымдық беру


Бұған қоса қызмет көрсету саласын жетілдіру және нақты сектордағы тұрақты өсім қарқынын қамтамасыз ету, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Дәл осы қадамдар биыл отандық экономиканың қарыштап дамуына негіз болды.



«Бұл орайда ақпарат және байланыс, сауда, су және электрмен жабдықтау, құрылыс және өңдеу өнеркәсібі салаларының үлесі басым», - дейді сарапшылар.



Сырттан қаржы тартудың көздері артып, осы бағыттағы әлеуетті барынша кәдеге жарату да ел ауқатын асыруға сеп болған. Қаржыны тиімді құятын бағыт та жетіп артылады. Оған үздік инвесторлар көшінде келетін аспанасты елі куә.



«Бүгінгі таңда Қытай – Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. Аспанасты елі экономикамызға ең көп қаржы құятын мемлекеттердің бестігіне кіреді. 2020 жылы тараптардың өзара тауар айналымының көлемі жаһандық пандемияға қарамастан 4% артып, 15 млрд АҚШ долларынан асты», - деді ҚР СІМ Инвестициялар жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Ерлан Зейнешев.



Ағымдағы жылы құрылыс саласына салынған инвестиция көлемі артқанын да айту керек. Өсім екі еседен асқан.


Бұл орайда қаржы тарту өңдеу өнеркәсібінде – 50,5%, ал ауыл шаруашылығында – 40,5% және саудада 35% ұлғайған.



«Қазір бізде сауда балансы нығайды. Жалпы алғанда 14,1% өсіп, 82,2 млрд долларды құрады. Бізде экспорттың жоғары өсімі байқалады. Отандық өнімді тасымалдау 23,5% артып, 49,1 млрд долларды құрады. Оның ішінде өңделген тауарлардың экспорты басым. Бізде бұл бағыт қарқын алып жатқанын ерекше атап өткен жөн. Яғни өңделген тауарлар экспорты 24,4% өсіп, 15,5 млрд долларды құрады», - деді ҚР ҰЭМ Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті басқармасының басшысы Қалыбек Мағзұм.



Сарапшылардың есебінше, 2021 жылы тұрақты өсу үрдісін өңдеу өнеркәсібі көрсеткен. Осы жылдың 10 айында өндіріс көлемі 5,2% артқан. Өсудің оң серпіні барлық өңірлерде байқалады.


Осы ретте Алматы қаласы, Алматы және Қызылорда облыстары көш бастап тұр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жыл #кономика #көрсеткіш #экспорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика