AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Синтетикалық есірткі таратушылар ұсталды

Синтетикалық есірткі таратушылар ұсталды

Заң мен тəртіп 11.03.2024, 10:39 967
Синтетикалық есірткі таратушылар ұсталды
polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында полиция есірткі жасырумен айналысқан құрбыларды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.


Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентінде СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен Toyota RAV4-де отырған 2 әйелді ұстады. Оның бірі – 33 жастағы қала тұрғыны. Ол заңсыз жолмен ақша табудың соңы немен аяқталатынын жақсы білген. Себебі 2022 жылғы қыркүйекте оның күйеуі осындай қылмыс жасағаны үшін сотталып, қазір түрмеде жазасын өтеп жатыр.


Toyota RAV4 көлігінің ішінде күдіктінің 36 жастағы құрбысы отырған. Ол да ұсталды.


Әйелдерді және олардың тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде 700 грамнан асатын ұнтақ тәрізді және кесектелген зат тәркіленді. Сараптама нәтижесі оның α-PvP (тұз) синтетикалық есірткі екенін көрсетті. Сондай-ақ есірткіні буып-түюге арналған материалдар да тәркіленді.



Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бүгінде 33 жастағы қала тұрғыны қамауға алынды, тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер бұл қылмыспен шамамен 4 ай айналысқан, – деді СҚО ПД ЕҚҚІҚБ басшысы Руслан Сапаров.



Полиция есірткіні аса ірі көлемде өткізгені үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#есірткі #қыздар #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін 20:42

Бұралқы иттер мәселесі: қазақстан аулау, стерильдеу, вакцинациялау және босатудан неге бас тартқалы отыр?

Бүгін 20:37

Бұтақтыда экологиялық акция өтті: алматылық жастар «Бұлақ көрсең, көзін аш» акциясына қатысты

Бүгін 20:31

Мемлекет басшысы: «Жер шарын қорғау – ортақ міндетіміз. Бүгінгі саммит бізге осыны көрсетеді»

Бүгін 18:16

Алматыда ушу-саньдадан Қазақстан чемпионаты басталды

Бүгін 18:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика