AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Жас өрен»: Астанада жас күйшілер қазақтың белгілі...

«Жас өрен»: Астанада жас күйшілер қазақтың белгілі күйлерін орындады

Мәдениет Бүгін 16:05 18
«Жас өрен»: Астанада жас күйшілер қазақтың белгілі күйлерін орындады
Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Концерт ұлттық өнерді дәріптеудің және жас ұрпақтың домбыраға деген қызығушылығын арттырудың маңызын көрсетті, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Астанада «Жас өрен» домбырашылар ансамблінің есеп беру концерті өтті. Кеште 26 жас өнерпаз қазақтың белгілі күйлерін орындап, жыл бойғы жетістіктерін көрсетті. Ансамбль тәрбиеленушілері қалалық, республикалық және халықаралық байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр.

Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебінің директоры Жалғас Құдайбергенұлы жас өнерпаздардың жетістігіне тоқталып, олардың бойында ұлттық өнерге деген құрметті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор екенін атап өтті.

«Бүгін өнерлі балаларымыздың осындай деңгейде өнер көрсетіп жатқанын көріп, қуанып отырмын. Оларға білім беріп, ұлттық өнерге баулып жүрген ұстаздардың еңбегі зор. Осындай концертті ұйымдастырып, ұлттық күйлерді насихаттап жүрген барша ұстазға алғысымды білдіремін. Балаларды өнермен тәрбиелесек, болашақта олар білікті маман болып қалыптасады. Музыкант немесе домбырашы бола ма, әлде басқа мамандықты таңдай ма – ол маңызды емес. Ең бастысы, олар ұлттық өнерді танып, домбыраны өзіне серік еткеніне мақтануы керек. «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген сөз бар. Балалардың бойында осындай ұлттық құндылықтарға деген құрмет қалыптасқаны қуантады», – деді ол.

Ал ансамбль жетекшісі, домбыра сыныбының оқытушысы Қарлыға Ниханбаева «Жас өреннің» қалыптасу тарихы мен жетістіктеріне тоқталды.

«Мен «Жас өрен» домбырашылар ансамблін 2013 жылы құрдым. 2018 жылдан бастап №70 мектепте Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебінің филиалы ашылып, ансамбль жұмысын осы жерде жалғастырды. Қазіргі уақытта «Жас өрен» домбырашылар ансамблі қалалық, республикалық және халықаралық байқауларға қатысып, бас жүлделерді иеленіп жүр», – деді Қарлыға Ниханбаева.

Концерт ұлттық өнерді дәріптеудің және жас ұрпақтың домбыраға деген қызығушылығын арттырудың маңызын көрсетті. Осындай шығармашылық кездесулер арқылы жас орындаушылардың шеберлігі шыңдалып, қазақтың күй мұрасы мен домбыра дәстүрінің сабақтастығы нығая түседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Шығыс Қазақстаннан жеткізілген 150 тоннадан астам өнім ұсынылады

Бүгін 16:03

Тәуелсіздікке – 35 жыл: Ақмола облысында мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін 15:41

Спорттық Алматы: қолжетімді жаттығулар, жаңа нысандар және халықаралық жеңістер

Бүгін 15:14

Алматының Жетісу ауданында 0,2 гектар бос жатқан аумақ көркейтіліп, демалыс және спорт алаңы ашылды

Бүгін 15:08

Алматының Медеу ауданында 24 үйдің қасбеті жаңартылды

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);