AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Жүкті әйелдерге ескерусіз қалдыруға болмайтын бес...

Жүкті әйелдерге ескерусіз қалдыруға болмайтын бес қауіпті белгі аталды

Медицина Бүгін 16:54 47
Жүкті әйелдерге ескерусіз қалдыруға болмайтын бес қауіпті белгі аталды
Алматы әкімдігі

Жағдай ауыр болған кезде 103 нөмірі бойынша жедел жәрдем шақырған жөн, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жүктілік кезінде әйел адам өз денсаулығына ерекше назар аударуы керек. Ағзадағы кейбір өзгерістер күрделі асқынулардың белгісі болуы мүмкін. Дәрігерге қаралуды кейінге қалдыруға болмайтын бес қауіпті симптом туралы Алматы қаласы №11 қалалық емханасының акушер-гинекологы Айнұр Сағидуллаева айтып берді.

"Бірінші қауіпті белгі – қатты бас ауруы, көз алдында шыбын-шіркейдің көрінуі немесе көру қабілетінің бұлыңғырлануы. Мұндай белгілер қан қысымының жоғарылауымен байланысты жүктіліктің ауыр асқынуы – преэклампсияны көрсетуі мүмкін.

Екінші белгі – жыныс жолдарынан қан кету. Қан мөлшері аз болғанның өзінде шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну қажет.

Үшінші белгі – іштің төменгі бөлігіндегі қатты немесе ұзаққа созылатын ауырсыну. Бұл жүктіліктің асқынуын, түсік тастау немесе мерзімінен бұрын босану қаупін білдіруі мүмкін. Сондықтан міндетті түрде дәрігердің тексеруі қажет.

Төртінші белгі – бет пен қолдың кенеттен ісінуі. Әсіресе бұл бас ауруымен немесе қан қысымының жоғарылауымен қатар байқалса, ерекше назар аудару керек.

Бесінші маңызды белгі – ұрықтың қозғалысындағы өзгерістер. Егер нәресте әдеттегіден сирек қимылдай бастаса немесе болашақ ана оның үйреншікті қозғалыстарын сезбей қалса, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет. Келесі күнге дейін күтудің қажеті жоқ", – деп атап өтті гинеколог.

Маман жүкті әйелдерге акушер-гинекологтың қабылдауына тұрақты түрде баруды, жоспарлы тексерулерден уақытылы өтуді және алаңдатарлық белгілерді елеусіз қалдырмауды ескертеді.

Осындай белгілер байқалған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініп, учаскелік акушер-гинекологқа немесе акушерге хабарлау қажет. Жағдай ауыр болған кезде 103 нөмірі бойынша жедел жәрдем шақырған жөн.

Өзіңізді және сәбиіңізді күтіңіз! Дәрігерге уақытылы қаралу ауыр асқынулардың алдын алуға көмектеседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Беларусьтің Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Бүгін 17:29

Алматының Әуезов ауданында 5,1 гектар аумақ көркейтіліп, 33 мыңға жуық тұрғынның өмір сүру ортасы жақсарды

Бүгін 17:23

«Жас өрен»: Астанада жас күйшілер қазақтың белгілі күйлерін орындады

Бүгін 16:05

Алматыдағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Шығыс Қазақстаннан жеткізілген 150 тоннадан астам өнім ұсынылады

Бүгін 16:03

Тәуелсіздікке – 35 жыл: Ақмола облысында мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін 15:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);