Қазгидромет 16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.
Астанада – көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауады, найзағай соғады. Шығыс желі 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +6…+8, күндіз +17…+19.
Алматыда – көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз кей жерлерде жаңбыр. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады 3-8 м/с, кейде екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14, күндіз +21…+23.
Шымкентте – көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыс желі 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +23…+25.
Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Шығыс, солтүстік-шығыс желі 9-14 м/с, күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с екпінмен соғады. Түнде +3…+8, батысы мен оңтүстігінде +11, солтүстік-шығыста топырақ бетінде -1°С үсік, күндіз +15…+20. Көкшетауда – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-12 м/с. Түнде +6…+8, күндіз +17…+19.
Ақтөбе облысының шығысында жаңбыр. Солтүстік-шығыс желі 9-14 м/с, күндіз солтүстік пен шығыста 15-18 м/с. Түнде +4…+9, күндіз +16…+21. Ақтөбеде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 6-11 м/с. Түнде +7…+9, күндіз +19…+21.
Алматы облысының солтүстігі, оңтүстігі және таулы аймақтарында түнде жаңбыр, күндіз жаңбыр мен найзағай. Жел 9-14 м/с, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Түнде +10…+15, тауда +5, күндіз +20…+25, тауда +10…+15. Қонаевта – көшпелі бұлтты, күндіз кейде жаңбыр. Жел 9-20 м/с. Түнде +12…+14, күндіз +20…+22.
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 7-12 м/с. Түнде +8…+13, солтүстік-шығыста +5, күндіз +18…+23. Атырауда – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Түнде +8…+10, күндіз +21…+23.
Шығыс Қазақстан облысында – жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында тұман. Жел 9-14 м/с. Түнде +1…+6, оңтүстігінде +9, солтүстік пен шығыста -2°С үсік. Күндіз +15…+23. Өскеменде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Түнде +1…+3, күндіз +20…+22.
Жамбыл облысында түнде солтүстік пен тауда жаңбыр, найзағай, күндіз – жаңбыр, найзағай, бұршақ, шквал, кейде тауда қатты жаңбыр. Жел 9-14 м/с, кей жерде 23 м/с-қа дейін. Түнде +13…+18, тауда +9, күндіз +20…+25, тауда +15. Таразда – көшпелі бұлтты, кейде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ. Жел 9-20 м/с. Түнде +13…+15, күндіз +22…+24.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Түнде +5…+10, оңтүстігінде +13, күндіз +19…+24. Оралда – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Түнде +8…+10, күндіз +20…+22.
Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде түнде жаңбыр, кейде қатты жаңбыр. Күндіз жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман. Жел 9-14 м/с. Түнде +4…+9, оңтүстігінде +12, күндіз +14…+19, оңтүстігінде +22. Қарағандыда – көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел 9-14 м/с. Түнде +6…+8, күндіз +16…+18.
Қостанай облысының оңтүстігінде жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман. Жел 9-14 м/с, кей жерде 15-20 м/с. Түнде +6…+11, күндіз +16…+21. Қостанайда – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +7…+9, күндіз +17…+19.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында түнде жаңбыр, найзағай, күндіз – аздаған жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл. Жел 9-20 м/с. Түнде +5…+10, күндіз +17…+22. Қызылордада – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз шаңды дауыл. Жел 9-20 м/с. Түнде +7…+9, күндіз +19…+21.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең солтүстік-батысында тұман. Жел 9-14 м/с. Түнде +7…+12, солтүстік-батыста +16, күндіз +18…+23. Ақтауда – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде +10…+12, күндіз +20…+22.
Абай облысында да жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең солтүстігі мен орталығында тұман. Жел 9-20 м/с. Түнде +2…+7, оңтүстігінде +10, шығыс пен орталықта -2°С үсік. Күндіз +18…+23, оңтүстігінде +27. Семейде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Түнде +2…+4, күндіз +20…+22.
Жетісу облысының шығысы, орталығы және таулы аудандарында күндіз жаңбыр. Таулы жерлерде тұман. Жел 9-28 м/с. Түнде +7…+12, тауда +4, күндіз +21…+26, тауда +18. Талдықорғанда – көшпелі бұлтты, кешке жаңбыр. Жел 5-14 м/с. Түнде +7…+9, күндіз +23…+25.
Ұлытау облысында түнде жаңбыр, күндіз – жаңбыр, найзағай. Жел 9-14 м/с. Түнде +5…+10, оңтүстігінде +13, күндіз +14…+19, солтүстігінде +11. Жезқазғанда – көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр, күндіз аздаған жаңбыр. Жел 9-14 м/с. Түнде +8…+10, күндіз +14…+16.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +4…+9, күндіз +16…+21. Павлодарда – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +6…+8, күндіз +19…+21.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман. Жел 9-20 м/с. Түнде +5…+10, оңтүстік-шығысында +2, күндіз +15…+20. Петропавлда – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Жел 2-12 м/с. Түнде +6…+8, күндіз +17…+19.
Түркістан облысының солтүстігі, батысы, оңтүстігі және таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, шквал. Жел 8-20 м/с. Түнде +13…+18, тауда +10, күндіз +22…+27, тауда +19. Түркістанда – көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр, найзағай. Жел 8-20 м/с. Түнде +13…+15, күндіз +24…+26.