AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Цифрлы Алматы: әлеуметтік сақтандыру қорынан  таға...

Цифрлы Алматы: әлеуметтік сақтандыру қорынан  тағайындалатын төлемдерге жүгіну тәсілдері

Әлеумет 30.09.2024, 15:23 1,918 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Цифрлы Алматы: әлеуметтік сақтандыру қорынан  тағайындалатын төлемдерге жүгіну тәсілдері
almaty-akshamy.kz

Жұмыс істейтін халықтың мүддесін қорғау мақсатында міндетті әлеуметтік сақтандырумен әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайларда еңбекке қабілеттілігінен; асыраушысынан; жұмысынан айырылу; жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу; бала бір жарым жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты кірісінен айырылуы жағдайларына әлеуметтік төлемдер көзделген.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалатын әлеуметтік төлемдердің мөлшері әр қатысушыға жеке есептеледі және қорға әлеуметтік аударымдардың уақтылы және толық төленуіне тікелей байланысты болады.

Айта кету керек, әлеуметтік аударымдар міндетті зейнетақы жарналары сияқты қызметкердің жалақысынан ұсталмайды, жұмыс берушілердің немесе дара кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен төленеді.

Осыған байланысты, әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде қор жүйенің қатысушыларына әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш жасамас бұрын қорға нақты түскен әлеуметтік аударымдарды тексеруді ұсынады. Аталған ақпаратты электрондық үкіметтің egov.kz порталы арқылы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшалары, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының (ХҚКО) бөлімшелеріне немесе қордың филиалына жеке басын куәландыратын құжатпен жүгіне отырып алуға болады.

Цифрлық технологиялардың дамуымен әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін жүгіну рәсімдері жеңілдетілді. Қазіргі уақытта өтініш беруші мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтері жоқ құжаттарды ғана ұсынады.

Қордан әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін дәстүрлі түрде ХҚКО арқылы да, үйден шықпай-ақ электронды түрде де жүгінуге болады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтерді проактивті нысанда көрсету өзекті болып отыр, оның ішінде Отбасының цифрлық картасы арқылы, атап айтқанда мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде тиісті мәліметтер болған кезде жүйеге қатысушыға төлем алу құқығын іске асыру туралы «1414» Бірыңғай байланыс орталығы арқылы смс-хабарлама жіберіледі. Смс-хабарламаға келісім алған жағдайда төлем проактивті түрде тағайындалады.

Төлемдерді тағайындау кезінде қордың филиалдары құжаттардың (мәліметтердің) дұрыстығын тексеретінін атап өткен жөн. Осыған байланысты, әлеуетті алушылардың мүдделерін қорғау мақсатында, әлеуметтік аударымдардың уақытылы және толық төленбеген, сондай-ақ төленген әлеуметтік аударымдар сомаларының міндетті зейнетақы жарналары аударылған қызметкердің кірісіне сәйкес келмеген жағдайда қор электронды іс макетін жете ресімдеуге жібереді. Осындай жағдайларда төлемдерді тағайындау мерзімі 30 жұмыс күніне дейін ұзартылып, мемлекеттік кірістер органдарынан қосымша мәліметтер және (немесе) жұмыс орнынан түскен кірістер туралы анықтама және т.б. құжаттар талап етіледі.

Тақырыпқа орай айта кетейік, Алматы қаласы бойынша биылғы 8 айда жүйенің 898 мың қатысушысы үшін 10,5 млрд теңге сомаға әлеуметтік аударымдар түсіп, 64,5 мың адам 8,5 млрд теңге сомаға  әлеуметтік төлемдер алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #төлем #цифрлық технология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бейсенбінің ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:30

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Кеше 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Кеше 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Кеше 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Кеше 18:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);