AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау / Олжас Бектенов маман тапшылығын шешуге бағытталған...

Олжас Бектенов маман тапшылығын шешуге бағытталған нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды

Жолдау Бүгін 11:31 27
Олжас Бектенов маман тапшылығын шешуге бағытталған нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды
Primeminister.kz

Еліміздің энергетикалық инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Премьер-министр энергетика және ТКШ саласындағы маман тапшылығын шешуге бағытталған нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Үкімет отырысында энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және салаға қажетті білікті кадрлар даярлау мәселелері қаралды. Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмасына сәйкес еліміздің энергетикалық инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы жаңа электр станциялары мен электр желілерін салу және қолданыстағы нысандарды жаңғырту, сондай-ақ “таза” көмір генерациясы мен жаңартылатын энергетиканы толыққанды дамыту қажеттігін әрдайым атап өтуде. Энергия нысандарын жөндеу мен жаңғыртуға қомақты қаражат бөлініп жатыр.
Президент халыққа Жолдауында білікті энергетик мамандарды даярлау ісіне баса мән берді. Бұл орайда кәсіби мамандардың сабақтастығын қамтамасыз ету, практикалық құзыреттерді дамыту, әсіресе атом энергетикасының дамуын ескере отырып, саланың тұрақты кадрлық резервін қалыптастыру қажет», – деп атап өтті Олжас Бектенов

Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту, Энергетика министрліктеріне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, энергетика және жалпы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы маман тапшылығын шешуге бағытталған нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеу тапсырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Премьер-министр өңір әкімдеріне апаттық бригадалар мен арнайы техниканы толық жұмылдыруды тапсырды

Бүгін 11:40

Елімізде бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр

Бүгін 11:15

Халықтық құрылыс: Ауқымды инфрақұрылымдық жоба аясында 100 мыңдаған адам жұмыспен қамтылмақ

Бүгін 11:11

Президент: Елімізде білім беру, спорт және мәдениет мекемелері салынады

Бүгін 10:59

ЭКСЖ ұлттық жобасы: Степногорск және Талдықорған қалаларындағы жылу желілері жаңғыртылды

Бүгін 10:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);