Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Шымкенттегі жарылыстың шығынын арнайы комиссия ес...

Шымкенттегі жарылыстың шығынын арнайы комиссия есептеп жатыр

Оқиға 23.05.2022, 03:57 1,193
Шымкенттегі  жарылыстың шығынын арнайы комиссия есептеп жатыр
Сурет: Kaztengrinews.kz

Арнайы құрылған комиссия Шымкент қаласындағы жарылыс шығынын есептеп жатыр. Оқиғадан көпқабатты үй, көліктер ғана емес, облыстық перинаталдық орталықтың ғимараты мен қымбат медициналық құрал-жабдықтар зардап шеккені белгілі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Төтенше жағдай орын алған жердің жанында бірінші қабатта жансақтау бөлімі орналасқан. Онда шала туған нәрестелер жатқан еді. Үшемнің бірі қайтыс болды. Брифингте қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пәшімов олардың анасының қайғылы оқиғадан бірнеше сағат бұрын тағы бір баласынан айырылғанын мәлімдеді. Жергілікті әкімдік қаза тапқан үш адамның отбасына материалдық көмек көрсетеді.


Қаза болғандар арасында перзентхананың күзетшісі мен бригада құрамында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылыс компаниясының қызметкері де бар. Қазір дәрігерлер апат салдарынан зардап шеккендердің өмірі үшін күресіп жатыр. Олардың арасында перинаталдық орталық қызметкерлері: санитарлар, медбике және перзентханаға интернет орнатуға келген тағы бір ер адам бар. Науқастардың жағдайы ерекше бақылауға алынды.


Бүгінде №1 облыстық перинаталдық орталықтың пациенттері №2 облыстық перинаталдық орталықтың ғимаратына, Шымкент қаласының №1, 2 қалалық ауруханаларына, қалалық перинаталдық орталыққа және облыстық балалар ауруханасына көшірілді. Олар дәрігерлер мен психологтардың тұрақты бақылауында тұрғанын кеше өңірде өткен баспасөз конференциясында ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова хабарлады.



«Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының бастығы Марат Пашимовпен және медициналық ұйымдардың бірінші басшыларымен бірлесіп, жарылыс кезінде зардап шеккендер жатқызылған клиникаларды аралап шықтық. Екі пациенттің жағдайы тұрақты, орташа ауыр жағдайда 7 пациент бар, қажетті бейінді медициналық көмек толық көлемде көрсетілді. Науқастармен әңгіме жүргізілді, көрсетілетін медициналық көмектің сапасына пациенттер қанағаттанды», - деп хабарлады министрлік өкілі.



Айта кетейік, бұған дейін Шымкенттегі перинаталдық орталықтың қасындағы дәрі сақтайтын екі қабатты ғимаратта жарылыс болғанын хабарладық. Перзентхана ғимараты мен тұрғын үйге зақым келіп, ондағы адамдар қауіпсіз жерге көшірілген еді. Шымкенттегі жарылыстан күзетшімен қоса бір нәресте шетінегені мәлім болды. Кейінірек жарылыстан үшінші адамның қайтыс болғаны хабарланды.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#шымкент #Жарылыс #оқиға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Миопияның негізгі себептерін анықталды

Бүгін 17:42

Қазақстанның мектеп инфрақұрылымы бес жылда қалай өзгерді?

Бүгін 17:34

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 40%-ҒА ЖЕТТІ

Бүгін 17:30

WhatsApp-та 13 жасқа дейінгі балаларға арнайы аккаунттар қосылады

Бүгін 17:12

Алматыда ядролық тераностика орталығы құрылады

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика