ffin.kz

Шығармашылықтағы шырқау биік: Мұрат Ахмановтың апталығы өтеді

Шығармашылықтағы шырқау биік:  Мұрат Ахмановтың апталығы өтеді Cурет: Almaty-akshamy.kz

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 25-30 сәуір аралығында театр режиссері, ҚР Еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Мұрат Ахмановтың шығармашылық апталығы өтеді.


 Ғ.Мүсірепов театрында қызмет етіп келе жатқан режиссер репертуардағы С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі», Б.Мұқайдың «Шындық детекторы», Иран-Ғайыптың «Фатима», «Естайдың Қорланы», «Бір түп алма ағашы» қойылымдарын көпшілік назарына ұсынып, сондай-ақ өзінің қаламынан туған «Наурыз думан», «Ертегілер әлемінде» сынды балаларға арналған спектакльдерін сахналады.



Шығармашылық жолын балет бишісі ретінде бастап, театр мен кино өнерінде өзіндік сара жолы мен қолтаңбасын қалыптастырған Мұрат Ноянбайұлы Ахмановтың мерейлі жасы қарсаңында қазақ театр өнеріндегі елеулі еңбектеріне шолу болмақ. Еліміздің бірнеше театрында жемісті еңбек етіп, Орал, Талдықорған, Жезқазған, Ақтөбе театрларының дамуына үлес қосып, шығармашылығын рухани астанамыздың айтулы ордасы Мүсірепов театрында жалғап келе жатқан өнер иесінің кезекті жаңа туындысы апталықтың алғашқы күні көрермен назарына ұсынылмақ. «Тойы көп үй» спектаклінің премьерасы 25 сәуір күні 18:30-да өтеді.


Сахна өнері сардарының шығармашылық апталығы салтанатты түрде сәуірдің 25-ші жұлдызында ашылып, театр фойесінің екінші қабатында режиссердің шығармашылығы туралы ғылыми конференция, «Мұрат Ахманов» шығармашылық кітабының тұсаукесері және «Тойы көп үй» спектаклінің премьерасы жайлы баспасөз конференциясы өтеді. Конференцияға режиссер Мұрат Ахманов, ақын, драматург Нұрлан Оразалин, театрдың артисі Хазима Нұғманова, театр сыншылары Аманкелді Мұқан, Бақыт Нұрпейіс, Айжан Ахмет қатысады.


Апталыққа режиссердің басқа театрда сахналаған спектакльдері қонаққа келіп, қала көрермендеріне өз қойылымдарын ұсынбақ. Сонымен қатар, апталық аясында М.Ахманов режиссерлігімен сахналанған 6 спектакль көрермен назарына ұсынылады. 30 сәуір күні театр репертуарында 10 жылдан аса жүріп келе жатқан «Келіндер көтерілісі» спектаклімен апталық аяқталмақ. Саналы ғұмырын сахнаға арнаған саңлақ тек театр өнерінің төрін ғана бағындырып қоймай, көгілдір экранда түрлі тұлғалардың бейнелерімен қалың көпшілікке танылды. Атап айтсақ, «Әлкей.Ғұлама ғұмыр», «Менің күнәлі періштем», «Елбасы жолы», «Парыз», «Астана – махаббатым менің» фильмдерінің негізгі кейіпкерлерін сомдаған.


Шығармашылықтың заңғар шыңын бағындырып, өнегелі өмірін өнерге арнаған тұлғаның шығармашылығын насихаттау, жалынды жастарды кіршіксіз өнерге баулу мақсатында ұйымдастырылған шара ауқымды түрде аталып өтіледі. Суреткерлікті сүйетін, сахна өнерін сан түрлі бояуға бояп, киелі кеңістікте келісті өнер тудыра білген режиссердің шығармашылығына шолу жасау өрелі өнердің өрістетудің жолы болып саналады. Сәулелі өнермен сусындап, театр өнеріне тағы бір табан жақындаймын десеңіз, шығармашылық апталықтан қапы қалмаңыз, көрермен!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43

13:13

12:44

12:12

11:41

11:11

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55