Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Швейцариядағы алапат өрт: қаза тапқандардың жеке б...

Швейцариядағы алапат өрт: қаза тапқандардың жеке басы анықталды

Әлем 04.01.2026, 14:06 294
Швейцариядағы алапат өрт: қаза тапқандардың жеке басы анықталды
сурет: Euronews

Швейцарияның Кран-Монтана тау шаңғысы курортында болған ірі өрттен қаза тапқан алғашқы адамдардың жеке басы анықталды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Қаза тапқандардың жеке басы анықталды

Вале кантоны полициясының мәліметінше, барда шыққан өрт салдарынан төрт адам көз жұмған. Қаза тапқандардың арасында 21 және 16 жастағы Швейцария азаматтары, сондай-ақ 18 және 16 жастағы екі жасөспірім бар. Марқұмдардың жеке басы толық анықталып, мәйіттері туыстарына тапсырылған.

100-ден астам адам ем қабылдап жатыр

Өрттен зардап шеккен 100-ден астам адам медициналық көмек алып жатыр. Олардың бір бөлігі шетелдік клиникаларға жеткізілген. Атап айтқанда, бірқатар науқас Германия ауруханаларына шұғыл түрде тасымалданды. Алдағы күндері зардап шеккендерді Франция, Италия және Бельгия ауруханаларына ауыстыру жоспарланып отыр. Жалпы шетелге шамамен 50 адамды жіберу көзделген.

Дәрігерлер жағдайды ауыр деп бағалап отыр

Медицина мамандары көптеген науқастың жағдайын өте ауыр деп бағалауда. Зардап шеккендердің арасында кәмелетке толмағандар да бар. Кейбір жәбірленушілердің денесінің 70 пайыздан астамы күйген, сондай-ақ түтін жұтудан өкпесіне ауыр зақым келген. Дәрігерлер ұзақ әрі күрделі емдеу, бірнеше операция қажет болатынын ескертеді.

Өрт қауіпсіздігі талаптарына қатысты сын күшейді

Қайғылы оқиғадан кейін бардағы өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауына қатысты сын үдей түсті. Куәгерлер жертөледен шығатын тар баспалдақта адамдардың кептелісі болғанын айтады. БАҚ мәліметінше, 2015 жылғы жөндеу жұмыстары кезінде эвакуациялық өту жолы тарылған болуы мүмкін. Сонымен қатар қосалқы шығу жолының жиі жабық тұрғаны және авариялық есіктің темекі шегетін бөлме ретінде пайдаланылғаны туралы ақпарат тарады.

Қайғылы оқиға қалай болды

Қайғылы жағдай 1 қаңтарға қараған түні Кран-Монтана курортындағы Constellation барында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, алдымен жарылыс болып, артынша ірі өрт шыққан.

Президент көңіл айтты, аза тұту жарияланды

Оқиғаға байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының Президенті Ги Пармеланға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Швейцария билігінің мәліметінше, өрт салдарынан зардап шеккендердің кемінде 80-інің жағдайы ауыр. Қайғылы оқиғаға байланысты Кран-Монтана тау шаңғысы курортында бес күндік аза тұту жарияланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Швейцария #өрт #өрт қаупі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін 14:21

Алматылық шпагашылар жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия чемпионатында қола жүлде иеленді

Бүгін 14:03

Мемлекет басшысы Грузияның ішкі істер министрі Гела Геладзені қабылдады

Бүгін 13:56

Референдумда мүгедектігі бар азаматтар үшін барлық жағдай жасалады

Бүгін 13:43

Авторлық киноның жеңісі: «Әбіл» – әлемдік сахнада

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі