AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Швейцария Конфедерациясы Федералды Жиналысының Ұлт...

Швейцария Конфедерациясы Федералды Жиналысының Ұлттық Кеңесінің төрағасы Қазақстан Президентінің қабылдауында болды

Билік 27.08.2021, 16:08 1,642
Швейцария Конфедерациясы Федералды Жиналысының Ұлттық Кеңесінің төрағасы Қазақстан Президентінің қабылдауында болды
Сурет: Akorda.kz

Ақордадағы қабылдау: «Қазақстан - Швейцария» парламентаралық ынтымақтастық тобының жұмысын жандандыру туралы келісімге қол жеткізілді


Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Швейцария Конфедерациясы Федералды Жиналысының Ұлттық Кеңесінің (төменгі палатасының) төрағасы Андреас Эбиді қабылдады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.


Мемлекет басшысы Швейцарияны Қазақстанның Еуропадағы маңызды серіктестерінің бірі екенін айта отырып, олардың өнеркәсіп, «жасыл» экономика, ауыл шаруашылығы және қаржы саласындағы жоғары инновациялық әлеуетін атап өтті.


Қазақстан Президенті біздің елдің шикізаттық емес секторына Швейцария капиталы мен технологияларын тарта отырып, жаңа ірі жобаларды іске асыруға бейілді екенін білдірілді. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл Қазақстан экономикасындағы швейцариялық бизнестің онсыз да берік позициясын одан әрі нығайтуға ықпал етеді.


Швейцария – 2005 жылдан бері еліміздің экономикасына 27 миллиард доллардан астам инвестиция салған ең ірі үш инвесторының бірі. Біздің елде Glencore Xstrata, ABB, Philipp Morris, Rieter, Schindler, Bühler, Leica, Nestlé, Roche, Novartis, Syngenta, Ammann Group және басқа да ірі швейцариялық компаниялар табысты жұмыс істейді.


Сонымен қатар Швейцариямен арадағы тауар айналымы былтыр 1,7 миллиард долларға жетіп, жалпы сауда серіктерінің арасында 11-ші орынға ілінген.  Мемлекет басшысы Қазақстан мен Швейцария арасындағы қарым-қатынастардың табысты дамуына екі елдің тығыз саяси байланыстары ықпал етеді деген пікірін білдірді. Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Швейцария Президенті Гай Пармеландпен мазмұнды келіссөздер өткізгенін атап өтті.


Жемісті байланыстарды жалғастыру үшін Мемлекет басшысы келесі кездесуді биыл қараша айының соңында өткізуге дайын екенін білдірді.


Өз кезегінде Андреас Эби екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі даму деңгейін оң бағалап, оны парламентаралық байланыстар арқылы нығайтуға септесуге дайын екенін білдірді. Осыған байланысты «Қазақстан - Швейцария» парламентаралық ынтымақтастық тобының жұмысын жандандыру туралы келісімге қол жеткізілді.


Әңгімелесушілер Ауғанстандағы қазіргі жағдайға ерекше назар аударды. Тараптар бұл мәселе бойынша жан-жақты пікір алмасып, осы елдегі әскери-саяси және гуманитарлық жағдайдың шиеленісуіне алаңдаушылық білдірді.


Қасым-Жомарт Тоқаев 26 тамызда Кабул халықаралық әуежайында лаңкестік жасағандарды айыптап, террористік қауіпке қарсы тұру, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру, әлемдегі және Орталық Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту үшін ғаламдық қоғамдастықтың күш-жігерін жұмылдыру қажет деген пікір білдірді.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақорда #президент #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек

Бүгін 12:09

Алматы жаңа автобус бағыты мен LRT ашып, «ақылды» бағдаршам қойғалы жатыр

Бүгін 12:04

Жасанды интеллект мүмкіндік пе, қауіп пе?..

Бүгін 12:02

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35

Алматы кітапханасында Ілия Жақановтың сазды әндері шырқалды

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);