AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Шри-Ланка президенті отставкаға кетті

Шри-Ланка президенті отставкаға кетті

Әлем 10.07.2022, 11:30 1,222
Шри-Ланка президенті отставкаға кетті
Сурет: Svtv.org

Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакса Коломбода тәулік бойы өткен халық шеруінен кейін отставкаға кетті. Бұл туралы кеше парламент спикері Махинда Япа Абейвардена мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Бұған дейін ел премьер-министрі Ранил Викрамасингхе де «азаматтардың қауіпсіздігі үшін» қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеген. Сенбі күні наразылық білдірген мыңдаған адам президент резиденциясын басып алды. Тәртіп сақшылары аспанға оқ атып, көзден жас ағызатын газ қолданды, бірақ халықты тарата алмады. Кем дегенде 45 адам жарақат алды.



«Бүгін біз жекпе-жекте жеңіске жеттік десем, қателеспеймін. Барлық келіспеушіліктерді қоя тұрып, президенттің үйін басып алдық. Біз Готабая Раджапакса мырзаның отставкаға кетемін деген мәлімдемесін күтеміз», - дейді наразылық білдірушілердің бірі, Коломбо тұрғыны Мохамад Имран. Шри-Ланкада 9 шілдеде шарықтау шегіне жеткен наразылық шаралары бірнеше айдан бері жалғасып келеді.



Ел тұрғындары үкіметтің бұрын-соңды болмаған экономикалық дағдарысқа қарсы қалай жұмыс атқарып жатқанынан наразы: шілдеде елдегі азық-түлік инфляциясы 57%-ға жетті – тұрғындар тамақ ішуге ақша таппай жүр, ал жанармай тапшылығына байланысты халық бензин кезегінде бірнеше күннен тұрады. Жағдайдың күрделі болғаны сонша, мемлекеттік қызметкерлерге бес жылға демалыс алып, аралда қалған туыстарына ақшалай көмектесу үшін шетелге көшу ұсынылған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шри-Ланка #Готабая Раджапакса #отставка
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мешіттерінде Құрбан айт мерекесіне дайындық жұмыстары жүргізілуде

Бүгін 17:32

Алматыда 600-ден астам көпбалалы әйел бизнес ашу үшін оқудан өтті

Бүгін 17:09

Алматыдағы әлеуметтік кәсіпкерлердің 74%-ы әйелдер

Бүгін 17:08

Алматы саябақтарында жазғы буккроссинг алаңдары ашылады

Бүгін 17:06

Тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханаларға келуші саны 70%-ға артты

Бүгін 16:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);