AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ШҚО-да саяси қуғын-сүргін құрбаны Қайым Мұхамедхан...

ШҚО-да саяси қуғын-сүргін құрбаны Қайым Мұхамедхановтың рухына тағзым етілді

Әлеумет 31.05.2022, 13:48 1,391
ШҚО-да саяси қуғын-сүргін құрбаны Қайым Мұхамедхановтың рухына тағзым етілді
Cурет: Inform.kz

Шығыс Қазақстан облысында саяси қуғын-сүргін құрбаны Қайым Мұхамедхановтың рухына тағзым етілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ғылым жолында тер төгіп, өз елінің тарихы мен зиялыларын дәріптегені үшін қуғын-сүргінге тап болған қазақ зиялысы Қайым Мұхамедхановтың рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Ескерткіш жанына жиналғандар Қайым мен оның әкесі Мұхамедханның үйіне жиі қонаққа келген ұлт жанашырлары Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхамеджан Тынышбаев, Халел Ғаббасов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ыдырыс Мұстамбаев, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақовтарды еске алып, олардың өмір жолдары туралы сыр шертісті. 



«Әкесінің қазақ мәдениетінің қайраткерлерін қалыптастыру жолында қуғын-сүргін көріп, бірнеше рет тұтқындалғаны, соңынан «Кеңес үкіметіне қарсы үгіт жүргізген» деген айыппен ату жазасына кесілгені Қайымды елінің тарихы мен әдебиетін келешек ұрпаққа мұра етіп қалдыруға оқталған ниетінен бас тарттыра алмады. Әкесінің өлімінен кейін өзі де Абай творчествосын ғылыми тұрғыда зерттегені үшін тұтқындалып, Қарағанды лагеріне жіберілген. Сталиннің өлімінен кейін ғана бостандыққа шыққан қайраткердің бізге қалдырған асыл мұрасы бағасыз», - деді ОВ 156/14 түзету мекемесі тәрбие бөлімінің бастығы Руслан Қамажанов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тағзым #тарих #құрбан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);