конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / ШҚО-да алаяқтардың жоспарын бұзған такси жүргізуші...

ШҚО-да алаяқтардың жоспарын бұзған такси жүргізушісіне құрмет көрсетілді

Заң мен тəртіп Бүгін 12:50 54
ШҚО-да алаяқтардың жоспарын бұзған такси жүргізушісіне құрмет көрсетілді
Polisia.kz

Қазіргі таңда алаяқтар заманауи технологиялар мен психологиялық ықпал ету тәсілдерін кеңінен қолдануда, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

ШҚО ПД бастығы зейнеткерді алаяқтардың құрбаны болудан құтқарған такси жүргізушісіне алғыс білдірді. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков қырағылығы мен азаматтық жауапкершілігінің арқасында Өскемен қаласының тұрғынын телефон алаяқтарының 1,5 млн теңгеден астам қаражатын иемдену әрекетінен аман алып қалған такси жүргізушісі Төрежан Адабиетовпен кездесті.

Кездесу барысында Ерлан Омарбеков Төрежан Адабиетовке батыл әрекеті, белсенді азаматтық ұстанымы және қылмыстың алдын алуға қосқан елеулі үлесі үшін шынайы ризашылығын білдірді. Ол мұндай азаматтардың полицияның алаяқтыққа қарсы күрестегі сенімді серіктесіне айналып, қоғам үшін үлгі екенін ерекше атап өтті.

- Қазіргі таңда алаяқтар заманауи технологиялар мен психологиялық ықпал ету тәсілдерін кеңінен қолдануда. Сондықтан біздің ортақ міндетіміз – тек қылмысты ашу ғана емес, оның алдын алу. Полицияның, қоғамның және әрбір саналы азаматтың күш-жігерін біріктіру арқылы ғана мұндай қылмыстарға тиімді тосқауыл қойып, тұрғындарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз, – деді ШҚО ПД бастығы.

Полиция азаматтарға тағы бір мәрте сақ болуды ескертеді. Егер бейтаныс адамдар шұғыл түрде ақша шешіп алуды, қаражатты "қауіпсіз шотқа" аударуды, SMS-хабарламадағы растау кодтарын айтуды немесе несие рәсімдеуді талап етсе, бұл – алаяқтардың әрекеті.

Тәртіп сақшылары өңір тұрғындарын қырағылық танытып, телефон арқылы хабарласқан бейтаныс адамдардың нұсқауларын орындамауға және алаяқтықтың алғашқы белгілері байқалған жағдайда бірден полицияға хабарласуға шақырады.

Интернет және телефон алаяқтығының алдын алу Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. "Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында тәртіп сақшылары цифрлық қауіпсіздікті нығайтуға, халықпен профилактикалық жұмысты күшейтуге және полиция мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға ерекше мән беруде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шығыс Қазақстан облысы #алаяқтық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алаяқтар енді балалар арқылы ата-ананың ақшасын ұрлауға кірісті

Бүгін 12:25

Қазақстанда азық-түлік тауарларының бірқатары арзандады

Бүгін 12:15

Алматылықтар Сұлтан Сүлейманмен кездеседі

Бүгін 12:10

Jas Vibe Алматы аудандарын аралап жүр: акцияға 5 мыңнан астам адам қатысты

Бүгін 11:59

Еңбек биржасында ұшқыштар ең жоғары жалақы сұраған

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);