Шілдеге дейін 18 мың азамат әскерге шақырылады

Шілдеге дейін 18 мың азамат әскерге шақырылады Сурет: ашық дереккөз

Бұл туралы Қарулы Күштердің Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Бауыржан Артықов мәлімдеді, деп хабарлады Аlmaty-akshamy.kz  BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 



1 наурыздан бастап жергілікті атқарушы органдарының 195-ші әскерге шақыру пунктерінде қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары өз жұмысын бастайды. Оған әкімдердің орынбасарлары басшылық етеді. 2023 жылы 1 шілдеге дейін Қарулы Күштерге басқа да әскер құрылымдарының қатарына әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіздері жоқ 18-ден 27 жасқа дейінгі 18 мың ер азамат шақырылады, – деді Бауыржан Артықов ОКҚ-да өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.



Артықовтың атап өтуінше, соның ішінде Қарулы Күштер 7 мыңнан астам, Ұлттық ұлан 6 мыңнан астам, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі 3 мыңнан астам, Төтенше жағдайлар министрлігі 300-ден астам, Мемлекеттік күзет қызметі 80-нен астам азаматпен толықтырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:29

19:26

18:14

17:40

17:25

17:11

16:45

16:35

16:20

16:08

16:07

15:44

15:31

15:19

15:02

15:00

14:44

14:30

14:16

14:10

12:28

12:19

12:05

11:47

11:34