AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Арман Қырықбаев Францияның Қазақстандағы елшісі Си...

Арман Қырықбаев Францияның Қазақстандағы елшісі Сильван Гиогемен кездесті

Мәдениет Бүгін 19:13 21
Арман Қырықбаев Францияның Қазақстандағы елшісі Сильван Гиогемен кездесті
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Музей ісі мен кинематография саласындағы ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесті.
 
Тараптар Қазақстан мен Францияның мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастығын кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, көрмелер мен театр гастрольдерін ұйымдастыру, кәсіби тәжірибе алмасу мәселелері қаралды.
 
Кездесу барысында Арман Қырықбаев екі ел арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып, мәдени-гуманитарлық байланыстың жүйелі түрде нығайып келе жатқанын атап өтті.
 
Музей ісі мен кинематография саласындағы ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінді. Бірлесіп фильм түсіру, француз фильмдерін қазақ тіліне, қазақстандық фильмдерді француз тіліне дубляждау мәселелері сөз болды.
 
Франция елшісі Қазақстанның Мәдени мұраны қорғау жөніндегі халықаралық альянсқа (ALIPH) қосылуына мүдделі екенін жеткізді. Арман Қырықбаев мәдени мұраны сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңызын атап өтті. Министрдің айтуынша, ұйымның көпжақты мәдени ынтымақтастықтағы елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстанның оған қатысу мүмкіндігіне айрықша назар аударып, бұл мәселені жан-жақты зерделеу қажет.
 
Кездесу қорытындысында тараптар мәдени-гуманитарлық байланысты одан әрі нығайтуға және екіжақты әріптестікті дамытуға дайын екенін білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық конференцияның ашылуы: «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асырудағы жаңа сын-қатерлер мен шешімдер

Бүгін 18:08

Алматы әкімі Беларусьтің Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Бүгін 17:29

Алматының Әуезов ауданында 5,1 гектар аумақ көркейтіліп, 33 мыңға жуық тұрғынның өмір сүру ортасы жақсарды

Бүгін 17:23

Жүкті әйелдерге ескерусіз қалдыруға болмайтын бес қауіпті белгі аталды

Бүгін 16:54

«Жас өрен»: Астанада жас күйшілер қазақтың белгілі күйлерін орындады

Бүгін 16:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);