Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шетелдік инвестор Қазақстандағы реформаларға жоғар...

Шетелдік инвестор Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Әлеумет Бүгін 18:01 42
Шетелдік инвестор Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан мен Түркия арасындағы достық пен іскерлік байланыстардың нығаюына үлес қосып келе жатқан түркиялық инвестор, «Ахсель Холдинг» директорлар кеңесінің төрағасы Ахмет Хамди Аян құттықтау жолдап, елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдірді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ол жаңа Конституция жобасы бойынша өткен референдумның сәтті өтуін Қазақстанның тұрақты дамуы мен жарқын болашағына бастайтын маңызды қадам ретінде бағалады. Осы орайда біз белгілі кәсіпкермен сұхбаттасқан едік.

— Ахмет Хамди мырза, Қазақстандағы кейінгі саяси реформаларға көзқарасыңыз қандай?

— Қазақстанда жүріп жатқан өзгерістерді әрдайым үлкен ықыласпен бақылап келемін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаетың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалар елдің орнықты дамуына, қоғамдық келісімнің нығаюына және заманауи мемлекет ретінде ілгерілеуіне негіз болады деп сенемін. Ең бастысы, мұндай бастамалар қоғамдағы тұрақтылықты сақтап, ел азаматтарының болашаққа деген сенімін күшейтеді.

— Сіз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы құттықтау жолдадыңыз. Бұған тоқталсақ?

— Мен Қазақстан Республикасының Президентін Қасым-Жомарт Тоқаевты жаңа Конституция жобасы бойынша өткен референдумның табысты өтуімен құттықтадым. Бұл – ел өміріндегі маңызды тарихи белес. Референдум халықтың ел тағдырына бейжай қарамайтынын, мемлекет болашағына жауапкершілікпен қарайтынын көрсетті. Сонымен қатар, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалардың елдің жан-жақты дамуына жол ашатынына сенім білдірдім. Бұл қадамдар тұрақтылықты нығайтып, береке-бірлікті бекемдей түседі деп ойлаймын.

— Сіздіңше, Қазақстанның басты артықшылығы неде?

— Қазақстанның басты құндылығы – ел ішіндегі татулық, қоғамдық келісім және түрлі ұлт пен мәдениеттің өзара сыйластығы. Осындай тұрақтылық пен өзара құрмет ахуалы мемлекеттің дамуына да, инвестиция тартуға да оң әсер етеді. Бүгінде Қазақстанда кәсіп ашуға, бизнес жүргізуге барлық жағдай жасалған.

Әсіресе құрылыс саласындағы инвесторларға мемлекет тарапынан нақты қолдау тетіктері ұсынылған. Инвесторларға жобаларды сүйемелдеу, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жеңілдету, инвестициялық келісімдер жасауға қолдау көрсету сияқты шаралар қарастырылған.

Бұған қоса, Қазақстанда халықаралық форумдар мен іскерлік кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Мәселен, елде Kazakhstan Global Investment Roundtable сияқты ірі инвестициялық алаңдар ұйымдастырылады. Біз де мұндай іс-шараларға белсенді қатысуға тырысамыз.

— Қазақстан мен Түркия арасындағы байланысты қалай бағалайсыз?

— Қазақстан мен Түркияны тек экономикалық мүдде емес, тарихи тамыр, ортақ рухани құндылықтар мен бауырластық байланыстырады. Түркі елдерінің бірлігі – бүгінгі кезеңдегі маңызды факторлардың бірі. Мұндай рухани жақындық мемлекетаралық қарым-қатынастың беки түсуіне, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың кеңеюіне жол ашады. Сондықтан Қазақстан мен Түркия арасындағы әріптестіктің болашағы зор деп білемін.

— Сіз Қазақстанда ұзақ жылдан бері жұмыс істеп келесіз. Бұл елмен байланысыңыздың мәні неде?

— Қазақстан – біз үшін тек іскерлік серіктес емес, бауырлас ел. Осы елде ұзақ уақыт жұмыс істей жүріп, біз оның дамуына, жаңаруына және халықаралық беделінің артып жатқанына куә болдық. Ең бастысы, Қазақстанда алға ұмтылыс бар, болашаққа деген айқын сенім бар. Бұл кез келген әріптесті жігерлендіреді.

— Қазақстан халқына қандай тілек айтасыз?

— Қазақстан халқына ең алдымен амандық, бірлік, береке тілеймін. Ел ішіндегі татулық пен тұрақтылық әрдайым сақталсын. Қазақстан өзінің даму жолында жаңа биіктерге көтеріле беретініне сенемін. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа инвестиция мен кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған саясаты үшін алғысымды білдіремін. Бауыры бір, тілегі ортақ түркі жұртының ынтымағы да арта берсін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қаланың үздік студенттері WorldSkills Almaty 2026 чемпионатында бақ сынап жатыр

Бүгін 17:56

Өскеменде 16 жастағы қызды жігіті пышақтап кеткен

Бүгін 17:13

Алматы Наурызды рекордтармен, цифрлық киіз үйлермен және жаңа форматтағы қалалық кеңістіктермен атап өтті

Бүгін 16:30

Абай университеті – әлемдік элитада: педагогтар даярлау бойынша әлемнің топ-50 қатарына енді

Бүгін 16:27

Қазақстанда әкелер 18 млрд теңге алимент төлемей жүр

Бүгін 16:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика