AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шетелдік еңбек мигранттарын емханаға тіркеу тәртіб...

Шетелдік еңбек мигранттарын емханаға тіркеу тәртібі өзгерді

Әлеумет 14.09.2023, 06:15 1,198
Шетелдік еңбек мигранттарын емханаға тіркеу тәртібі өзгерді
Өңірлік коммуникациялар қызметі

15-қыркүйекте Қазақстанда дәстүрлі емханаға тіркеу науқаны басталады. Шетел азаматтары бұл мүмкіндікті пайдалана ала ма, олар емханаға қалай тіркеледі? Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Тілеухан Әбілдаевтың сөзіне сүйенсек, кампания барысында қазақстандықтармен бірге Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен келген еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелері де емханаға тіркеле алады.



«Биыл шетелдік еңбек мигранттарын емханаға тіркеу тәртібі өзгерді. Енді олар емханаға ерікті медициналық сақтандыру немесе жүктелген медициналық сақтандыру келісімшарты арқылы ғана тіркеле алады. Бұл полистер арқылы олар бастапқы медициналық-санитарлық көмек қызметін пайдалана алады», - деді филиал басшысы. 



Шетелдік еңбек мигранттары Е-гов арқылы тіркеле алмайды. Тіркелу үшін емхана басшысының атына қазақ немесе орыс тілінде еркін түрде өтініш жазылады. Өтінішпен бірге паспорт, ерікті немесе жүктелген медициналық сақтандыру полисі қоса беріледі. 


Еліміз бойынша аталған келісімшарттарды 7 жеке меншік сақтандыру компаниясы арқылы рәсімдеуге болады. Олар: «Интертич» СК, «Базель» СК, «Номад» СК, «Фридом иншуранс» СК, «Сентрас Иншуранс» СК, «НСК» СК, «Базель» СК.   



«Тіркелгеннен кейін еңбек мигранттары МӘМС пакетіндегі қызметтерді пайдалана алады. Мысалы, қажетті консультативтік-диагностикалық қызметтер, жоспарлы стационарлық көмек, медициналық оңалту сынды тағы да басқа көмек түрлері қолжетімді болады», - деді Тілеухан Әбілдаев. 



Еңбек мигранттарының өздері МӘМС жүйесіне жұмыс беруші тарапынан жасалған жарналар мен аударымдар арқылы қатысады. Ал, 18 жасқа толмаған балалары мемлекет тарапынан сақтандырылса, олардың жұбайлары (зайыбы) өзін-өзі сақтандырушы ретінде алдағы 12 айға жарна төлеуі қажет. 


Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда тұрақты тұратын, ықтиярхаты бар шетелдіктер ел азаматтарымен бірдей құқықтарға ие. Олар емханаға бұрынғыша кедергісіз тіркеле алады.


Ал, Еуразиялық Одаққа кірмейтін елдердің азаматтары емханаға тіркеле алмайды және МӘМС қызметін пайдаланбайды, медициналық көмек оларға тек ақылы түрде көрсетіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #емхана #Тілеухан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);