AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шетелден әкелген көлікті мемлекеттік тіркеу бағасы...

Шетелден әкелген көлікті мемлекеттік тіркеу бағасы қалай белгіленеді

Әлеумет 12.11.2021, 13:00 1,329
Шетелден әкелген көлікті мемлекеттік тіркеу бағасы қалай белгіленеді
Inform.kz

Шетелден әкелген көліктің алғашқы тіркеу алымы неге қымбат? Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева түсініктеме берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап..


Шетелден әкелінген көлікті алғашқы тіркеу алымы неге жоғары? Оның ақшасы қайда түседі? Мемлекеттік кірістер комитеті ұйымдастырған бейнеконференция форматындағы онлайн брифингіде сала мамандарына осындай сауал қойылды.


«Барлық алым-салық сияқты мемлекеттік тіркеу алымы да мемлекеттік бюджеттің қазанына түседі. Бұл алымдардың мөлшері Салық кодексінде белгіленген. Оның көлемін мемлекеттік кірістер органдары белгілемейді. Өйткені салық саясаты біздің комитеттің құзырына кірмейді. Біз салықты әкімшілендіру шараларын ғана жүргіземіз», - деген комитет өкілі алғашық тіркеу алымының мөлшері қалай есептелетінін түсіндірді.



«Алғашқы мемлекеттік тіркеу алымы көлікті тіркеген кезде төленеді. Тіркеу жасаған кезде ішкі істер органдарының өкілдері осы төлемді талап етеді. Байқасаңыздар, алғашқы тіркеу алымының құны көліктің шығарылған жылы ескірген сайын жоғары бола түседі. Зауыттан шыққанына 3 жылдан артық уақыт өткен шетелдік көлік әкелсеңіз, алғашқы тіркеу алымы 1,4 млн теңгеден асады. Ал су жаңа көлік әкелсеңіз, тіркеу алымын төлемейсіз. Яғни, ескі көліктерді әкелмеу мақсатында осылай жасалған», - деді Айнұр Сартаева.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Автокөлік #тіркеу #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Бүгін 18:39

Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен туроператорды іске қосты

Бүгін 18:37

Астанада тіс емдетуге барған 20 жастағы жігіт көз жұмды

Бүгін 17:51

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Бүгін 15:57

Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика