The Eurasian журналының қыркүйек айындағы санында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асыловтың «Инвестициялар заң үстемдік еткен жерге келеді» атты мақаласы жарық көрді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Мақалада еліміздегі инвесторлардың құқықтарын қорғаудың жаңа моделі, Инвестициялық омбудсмен институты мен Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің жұмысы, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді жою және инвестициялық жобаларды сүйемелдеудің практикалық тетіктері туралы баяндалады.
Бұл жұмыстың басты қағидаты – заң аясында адал жұмыс істейтін инвестор өз құқықтарының қорғалатынына сенімді болуы тиіс.