AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / ЖЭО, аурухана, индустриялық аймақ: Олжас Бектенов...

ЖЭО, аурухана, индустриялық аймақ: Олжас Бектенов Балқаштағы инфрақұрылым нысандарын аралады

Саясат Бүгін 15:15 39
ЖЭО, аурухана, индустриялық аймақ: Олжас Бектенов Балқаштағы инфрақұрылым нысандарын аралады
Сурет: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Президент тапсырмаларына сәйкес Балқаш қаласындағы коммуналдық-энергетикалық және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарымен танысты. Ол Балқаш жылу электр орталығында, көпсалалы аурухана жанындағы жаңа ангиографиялық орталықта және Balkhash индустриялық аймағында болды.

Биыл мамыр айында көпсалалы аурухана жанынан жедел қан тамырлары аурулары кезінде тәулік бойы медициналық көмек көрсететін жаңа орталық пайдалануға берілді. Жобаны қаржыландыру мемлекет меншігіне қайтарылған активтер қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Бұл мақсатқа Арнаулы мемлекеттік қордан 1 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар республикалық бюджет қаражаты есебінен медициналық құрал-жабдықтар, оның ішінде ангиографиялық қондырғы, компьютерлік томограф және магниттік-резонанстық томограф сатып алынды.

Премьер-министрге халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Атап айтқанда, Балқаш, Приозерск қалаларының, Шет және Ақтоғай аудандарының шамамен 150 мың тұрғыны үшін жоғары технологиялық мамандандырылған және рентгенэндоваскулярлық медициналық көмекке қолжетімділік қамтамасыз етілді. Аталған жобаны жүзеге асыру шұғыл жағдайларда «алтын сағат» қағидатын сақтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жүрек-қан тамырлары аурулары мен инсультқа шалдыққан науқастарға уақтылы медициналық көмек көрсету ауқымын кеңейтеді

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Кенжибаев осы жылдың шілде айынан бастап 148 ангиографиялық зерттеулер мен эндоваскулярлық араласулар, оның ішінде 70 стенттеу және баллондық ангиопластика бойынша операциялар жүргізілгенін мәлімдеді. Операцияларды уақтылы жүргізу 70 адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Премьер-министр өңір әкімдігіне кешеннің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді және кадрлық әлеуетті одан әрі арттыруға ерекше назар аударуды тапсырды.

Өңірдің медицина қызметкерлерімен әңгімелесу барысында Олжас Бектенов әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі алдағы жоспарлар туралы хабардар етті.

«Президент Ауқымды құрылыс бағдарламасының іске қосылғанын жариялады. Бұл ретте, ең алдымен, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салу көзделіп отыр. Қаражат дәл осындай медициналық нысандарға, білім беру орталықтарына, инженерлік желілерге және сумен жабдықтау нысандарына, яғни азаматтардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін мәселелерді шешуге бағытталады. Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан және өздеріңіз де естіп жүрген әлеуметтік реформа тұрғындар үшін аса қажет медициналық нысандарға бірінші кезекте қаражат бағыттауға мүмкіндік береді. Бұл ретте мұқтаж санаттар үшін мемлекеттік қолдау толық сақталады. Реформа тек табыс деңгейі «жоғары» және «орташадан жоғары» санатына жататын тұлғаларға ғана қатысты болады. Барлық төлемдер шын мәнінде мұқтаж азаматтар мен отбасыларға берілуге тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр Балқаш ЖЭО-ға барды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде станса апатты «қызыл аймақтан» шығарылды, биыл негізгі жабдықты жөндеу бойынша 3,2 млрд теңге сомасына барлық жоспарланған жұмыстар толық аяқталды.

Қазіргі уақытта ЖЭО-да қуаттарды жаңғырту және кеңейту жөніндегі іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Жалпы құны 30,3 млрд теңге болатын №5 қазандық агрегатын салу жұмыстары жалғасуда. Бүгінде негізгі жабдықтарды монтаждау жұмыстары аяқталды. Қазандық цехының ғимараты, отын беру тракты салынып, заманауи газ тазарту жабдығын жобалау жұмыстары жүргізілуде. Жоба аяқталғаннан кейін станцияның бу өндіру қуаты сағатына 270 тоннаға артады. Келесі кезеңде жалпы құны 28,7 млрд теңге болатын жаңа №5 турбоагрегатты орнату көзделген. Оны іске қосу станцияның белгіленген электр қуатын 65 МВт-қа арттырып, жылу қуатын сағатына 55 Гкал-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жобаны 2028 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Олжас Бектенов тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету әкімдіктің басым міндеті екенін атап өтті. 2025–2026 жылдардағы күзгі-қысқы жылу беру кезеңінде Балқаш ЖЭО-да II дәрежелі 17 ақау тіркелген. Өңірлік штабқа станцияның жұмысын тұрақты бақылауда ұстап, қаланы үздіксіз жылумен қамтамасыз ету тапсырылды.

Премьер-министр Balkhash индустриялық аймағында жүзеге асырылып жатқан туристік жобалармен, қонақ үй және рекреациялық инфрақұрылымды одан әрі дамыту жоспарларымен танысты. Биыл жалпы инвестиция көлемі 5,3 млрд теңге болатын алты жаңа демалыс аймағы ашылды. Сондай-ақ төрт жұлдызды қонақ үйлер салу бойынша екі жобаны жүзеге асыру басталды. Сонымен қатар инженерлік және жағалау инфрақұрылымы дамуда. Бұл көл жағалауында заманауи, жыл бойы жұмыс істейтін туристік кластер қалыптастыруға жағдай жасайды.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Балқаш #инфрақұрылым #премьер-министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Өңірлерде «Әділет Керуені» көшпелі қабылдаулары басталды

Бүгін 15:54

Алматыда 100 мыңнан астам тұрғынды тұрақты сумен қамту үшін сорғы станциясы қалпына келтірілді

Бүгін 15:45

Алматының барлық сегіз ауданында жылу беру мәселесіне жауапты мамандар белгіленді

Бүгін 15:39

Алматыда садақ атудан Қазақстан кубогінің финалдық кезеңі өтеді

Бүгін 15:35

Бұрын пайдаланылмаған 792,5 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін игеру жұмыстары басталды

Бүгін 15:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);