AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының барлық сегіз ауданында жылу беру мәселес...

Алматының барлық сегіз ауданында жылу беру мәселесіне жауапты мамандар белгіленді

Алматы Бүгін 15:39 38
Алматының барлық сегіз ауданында жылу беру мәселесіне жауапты мамандар белгіленді

Алматыда 9 қазаннан бастап 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымы басталады. Жылу кезең-кезеңімен беріледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алдымен әлеуметтік маңызы бар нысандар, одан кейін көппәтерлі тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттар жылу жүйесіне қосылады. Бұл туралы Алматының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері хабарлады.

Жылыту маусымының басталуына байланысты қаланың барлық сегіз ауданында жауапты мамандар бекітілді. Тұрғындар жылуға қосылу және жылу жүйесінде туындаған ақаулар бойынша сол мамандарға хабарласа алады.

Аудандар бойынша байланыс телефондары:

* Алатау ауданы — +7 701 822 57 89;

* Алмалы ауданы — +7 778 200 21 21;

* Әуезов ауданы — +7 705 555 90 92;

* Бостандық ауданы — +7 701 232 04 85;

* Жетісу ауданы — +7 700 815 10 90;

* Медеу ауданы — +7 777 387 37 99;

* Наурызбай ауданы — +7 707 199 90 09;

* Түрксіб ауданы — +7 707 322 50 04.

Сонымен қатар қалада жедел әрекет ету штабы тәулік бойы жұмыс істейді. Жылу берілмеген, құбырлардан су аққан немесе басқа да ақаулар туындаған жағдайда тұрғындар төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласа алады:

* Jedel Almaty — 109;

* Бірыңғай диспетчерлік орталық — 225-14-31;

* Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы — +7 747 132 23 52, +7 707 018 08 46;

* Open Almaty — 1308 және 8 (727) 338-33-88.

Мамандардың мәліметінше, жылыту маусымының алғашқы күндері жүйелерді іске қосу, баптау және реттеу жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан осы кезеңде жылу беруде уақытша іркілістер болуы мүмкін.

Тұрғындарға радиаторлардың, шүмектер мен вентильдердің жарамдылығын алдын ала тексеру, жылу жүйесіне өз бетінше өзгеріс енгізбеу, сондай-ақ тік құбырлар мен жылыту құрылғыларына кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылады.

Бұдан бөлек, тұрғындар өтінішін көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдар, басқарманың әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары және e-Otinish платформасы арқылы да жолдай алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жылу беру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚАЗСТА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН СТУДЕНТТЕРІН ҰЛЫҚТАДЫ

Бүгін 16:06

Өңірлерде «Әділет Керуені» көшпелі қабылдаулары басталды

Бүгін 15:54

Алматыда 100 мыңнан астам тұрғынды тұрақты сумен қамту үшін сорғы станциясы қалпына келтірілді

Бүгін 15:45

Алматыда садақ атудан Қазақстан кубогінің финалдық кезеңі өтеді

Бүгін 15:35

Бұрын пайдаланылмаған 792,5 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін игеру жұмыстары басталды

Бүгін 15:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);