Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Шертпе күйдің шебері Біләл Ысқақов – 70 жаста

Шертпе күйдің шебері Біләл Ысқақов – 70 жаста

Не? Қайда? Қашан? 31.03.2025, 20:06 1,033
Шертпе күйдің шебері Біләл Ысқақов – 70 жаста
aqshamnews.kz

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, белгілі күйші, шертпе күй шебері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Біләл Алпанұлы Ысқақовтың 70 жасқа толуына орай ұйымдастырылған «Қазіргі заманғы шертпе күй орындаушылық өнеріндегі өзекті мәселелер» атты Республикалық дөңгелек үстел өтті. 

Алқалы жиында Құрманғазы атындағы консерваторияның профессоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Кәрима Сахарбаева, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Музыкатану» бөлімінің меңгерушісі, өнертану ғылымдарының кандидаты Айнұр Қазтуғанова, «Көне музыкалық аспаптар» кафедрасының меңгерушісі З.Ізмұратова, «Домбыра» кафедрасының ұстаздары Қуаныш Жұмағалиев, Баян Игілік, Алтынай Джумагалиева, Әсел Алина және т.б. Біләл Ысқақовтың өмірі мен шығармашылығы жайында баяндама оқыды. 

Зерттеуші-ғалым Айнұр Қазтуғанова «Күйшілер тәлімінің жанашыры» атты баяндамасында Ысқақов Біләл Алпанұлының күйші-орындаушы, күйші-ұстаз, күйші-зерттеуші ретінде қызметін саралай келе, «Ұлы күйшілерден бастау алған дәстүрді жалғастырушы, оны дамытуға өзіндік үлес қосып, ұлттық күй өнерін жаңа деңгейге көтеріп, болашақ ұрпаққа аманат ретінде сақталуда елеулі еңбек еткен тұлға ретінде Біләл Алпанұлы Ысқақов құрметке лайық», – деп тұжырымдады.

Сондай-ақ іс-шараның құрметті қонақтары ҚР Мәдениет қайраткері, Құрмет орденінің иегері, күйші Абдулхамит Райымбергенов, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, күйші-композитор Ермұрат Үсенов, Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы, режиссер-продюссер Сарыбасов Оралбек, «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті, PhD Айжан Бердібай, «Халық әні» кафедрасының меңгерушісі Венера Қаржаубаева, PhD, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, «Домбыра» кафедрасының доценті Ержан Жәменкеев және Семейден, Астанадан, Талдықорғаннан келген әріптестері, шәкірттері ыстық ықыласын білдірді. 

Дөңгелек үстелді жүргізген Тоқжанов Төлепберген мерейтой иесіне тосын сый ретінде Б.Ысқақов пен Т.Тоқжановтың авторлығымен шығарылған «Домбырадағы орындаушылық өнер тарихы» атты кітапты тарту етіп, тұсауын кесті.

Күйші Біләл Алпанұлы Ысқақовтың мерейтойы ертең өтетін «Кәусәр күй» атты концертке ұласады. Концерт Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы Үлкен залыда, сағат 17:00 өтеді. Келем деушілерге есік ашық.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Біләл Ысқақов #күйші #Шертпе күй
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика