AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы қайтыс болды

Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы қайтыс болды

Әлеумет 27.07.2023, 16:17 1,720
Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы қайтыс болды
Сурет: anatili.kazgazeta.kz

Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы Батылжан Шерханұлы қайтыс болды, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қаралы хабарды журналист Бану Дәулетбаева естіртті.



"Шерхан Мұртазаның ұлы қайтыс болды деген хабар жетті. Жалғыз ұлы еді. Тұлпардың соңғы тұяғы...", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.



Қазақстан Жазушылар одағы ақпаратты растады.



"Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның жалғыз тұяғы Батылжан Шерханұлы дүниеден озғаны жөнінде қаралы хабарды жеткіземіз.


Жаназасы Самал-1 шағынауданы, №16 үй, 7-пәтер
2023 жылғы 28 шілде күні сағат 10:00-де шығарылады", - деді одақтың өкілі.



Жерлеу рәсімі Алматыдағы "Кеңсай-2" зиратында өтеді.


Айта кетейік, Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның бір ұл, бір қызы бар. Ұлы - Батылжан Шерханұлы, қызы - Алма Шерханқызы.



"Ағам Батылжан­ Шерханұлы журналистика факультетін қызыл дипломмен тамамдаған. Баспада жұмыс істеп, Бақытжан Момышұлы екеуі әкемнің "Қызыл жебесін" аударды. Кейіннен ағам жеке кәсіппен айналысып кетті. Әкем бізге өз шығармаларын оқуға үгіттемейтін.


Әкем жұмыс бөлмесінде жазу жазып отырғанда үйге қонақ келіп қалса, анамыз "Тссс, жай жүріңіздер, ақырын сөйлеңіздер" деп жүретін. Ондайда әкем "Емін-еркін отыра беріңіздер" деп жымиюшы­ еді. Барлық ақын-жазушылар сияқты үй шаруасына икемсіз болды. Бірақ бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлетін. Ағамды спортқа берді. Оны хоккейге өзі апарып, өзі алып келетін", - деп жазған Алма Шерханқызы естеліктерінде.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шерхан Мұртаза #жалғыз ұлы #қайтыс болды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);