конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Шанхай тарихи музейінде «Дәстүр сабақтастығы: ата-...

Шанхай тарихи музейінде «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылады

Мәдени Алматы 25.06.2026, 18:31 232 yakiya
Шанхай тарихи музейінде «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылады

2026 жылы 26 маусым күні сағат 14:00-де Қытай Халық Республикасының Шанхай тарихи музейінде (Shanghai History Museum) Алматы қаласы музейлер бірлестігінің «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» атты халықаралық көрмесі салтанатты түрде ашылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің, Қазақстан Республикасының Шанхай қаласындағы Бас консулдығы және Шанхай қаласы мэрінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

«Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» халықаралық көрмесінің жоспарға енгізілуіне Алматы мен Шанхай қалалары арасындағы бауырластық қатынастардың орнатылуы («Қытай – Орталық Азия» екінші саммиті, Астана қаласы, 2025 жылғы 16-18 маусым) негіз болды.

Сондай-ақ, 2026 жылғы 7-8 сәуір аралығында Шанхай қаласының мэрі Гун Чжэн Алматыға ресми іс-сапармен келіп, қала әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесуі барысында екі мегаполис арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту және өзара ынтымақтастықты кеңейту мәселелері кеңінен талқыланған болатын.

Алматы қаласы музейлер бірлестігі мен Шанхай тарихи музейі арасындағы бауырластық қарым-қатынастың жалғасы ретінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, оның аясында Алматы музейінің көрмесін Шанхай тарихи музейінде ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Шанхай тарихи музейі (Shanghai History Museum) – Шанхайдың тарихи орталығында орналасқан мемлекеттік музей. Музей қорында қаланың 6000 жылдық тарихын қамтитын ежелгі дәуірден XX ғасырдың ортасына дейінгі 30 000-нан астам тарихи жәдігер сақталған.

Көрменің негізгі мақсаты – Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы мәдени байланысты нығайту, сондай-ақ қазақ халқының бай мәдениеті мен тарихын таныстыру, рухани және материалдық мұраны сақтау мен дәріптеуге ықпал ету.

Көрмеде Алматы қаласы музейлер бірлестігі қорынан 100-ге жуық жәдігер қойылады. Олардың қатарында қазақ халқының этнографиялық мұрасын, тұрмыс-салты мен дәстүрін танытатын құнды жәдігерлер, Алматы қаласының тарихы мен қазіргі өмірін бейнелейтін фотосуреттер және халқымыздың ұлттық музыкалық мәдениетін дәріптейтін дәстүрлі музыкалық аспаптар бар.

Алматы қаласы музейлер бірлестігі – еліміздің мәдени және қоғамдық өміріне белсенді үлес қосып келе жатқан заманауи мәдени мекеме. Соңғы жылдары бірлестік халықаралық серіктестік бағытында айтарлықтай табысқа қол жеткізді.

Музей қорларындағы ерекше топтамалар бұған дейін Оңтүстік Корея (Сеул), Австрия (Вена), Франция (Париж), Италия (Неаполь), Чехия (Прага), Сербия (Белград), Мажарстан (Карцаг), Түркия (Ыстанбұл), Нидерланд Корольдігі (Амстердам) қалаларында сәтті таныстырылды.

«Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі Ұлы даланың мәдени мұрасын әлемге танытып, қазақ халқының рухани дүниесі мен терең тарихи тамырын айшықтайтын маңызды мәдени оқиға болмақ.

Көрме 2026 жылы 30 тамызға дейін жалғасады.

Сайт: https://almatymuseums.kz/

Instagram: @almatymuseums

Байланыс телефоны: +7 708 820 6179; +7 747 934 94 59

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда әлемдік UBTECH компаниясының шетелдегі алғашқы робот зауыты салынады

Бүгін 18:10

Маңғыстауда төрт адамның өліміне себеп болған жүргізуші 5 жылға сотталды

Бүгін 17:19

Алматыда алдағы аптап ыстыққа байланысты көшелерде аэрация жұмыстары ұйымдастырылады

Бүгін 16:26

Алматыда Summer Relay кешкі жүгіру эстафетасына байланысты сенбі күні көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:08

Алматыда қала келбетін дизайн-код талаптарына сәйкестендіру жұмыстары басталады

Бүгін 15:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);