AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Шамасы келмейтін адамға қажылық пен ұмра ғибадатын...

Шамасы келмейтін адамға қажылық пен ұмра ғибадатын орындау міндет емес

Керек кеңес 01.11.2023, 08:52 1,662
Шамасы келмейтін адамға қажылық пен ұмра ғибадатын орындау міндет емес
almaty-akshamy.kz

Қазіргі таңда ұмра сапарына барудың жаңа бір тәсілі пайда болды. Яғни, бірнеше адам «қара касса» ойнап, араларынан кезекпен бір адамды ай сайын ұмраға жіберіп отырады екен, деп хабарлайды  almaty-akshamy.kz muftyat.kz сілтеме жасап.


Мәселен, он кісі бірігіп, әр айда біреуін ұмраға жіберу мақсатында «черная» касса» ойнайды. Ұмра сапарының қаражаты 700 мың теңге болса, әрбірі сапарға шығатын адамға 70 мың теңгеден жинап беруге келіседі. Солайша белгілі уақыт ішінде он адамның барлығы ұмраны орындап қайтады. Ал ұмраға баратын адамды олар құра тастап анықтаулары мүмкін.



Кейбір ғалымдар мұндай жолмен ұмраға баруды сүннет де, мұстахап да емес деп санайды. Яғни, жалпы айтқанда, бұлай істемеген жақсырақ, дейді. Себебі, ұмраға алдын барып келген адам кейін баратын адамдардың ақшасын қайтарады. Демек ол адам ұмраға қарыз алып барып келген болып тұр. Бұл іс – мәкруһ. Өйткені, «Алла Тағала ешбір адамға шамасы келмейтін міндетті жүктемейді» («Бақара» сүресі, 286-аят). Шамасы келмейтін адамның қажылық пен ұмра ғибадатын орындауы да міндет емес.




Алла Тағала Құранда: «Жақсылық және тақуалық жолында бір-біріңе жәрдемші болыңдар», – деп бұйырады («Маида» сүресі, 2-аят). Бұл аяттан үйлену, үй салу, қарызды өтеу және басқа қажетті істерге жәрдемдесу керекті түсініледі.  Ал, қарыз алып ұмраға баруды жәрдем деп нақты айту қиын.


Шариғатымызда қажетті істерге және қатты қиналған жағдайда ғана қарыз алуға бұйырылады. Ал, ұмра ғибадаты міндеттелген құлшылыққа жатпайды. Сондықтан ұмра сапарына баратын адам мүмкіндік болса, қарызданбауы керек. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қажы #Ұмра #қарыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Әуезов ауданы әлеуметтік қолдауға 3,9 млрд теңге бөлді

Бүгін 16:05

Әуезов ауданының 6 мыңнан астам тұрғыны «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Бүгін 16:04

Алматының Әуезов ауданында Жұбанов көшесі абаттанып, Qadam саябағы салынып жатыр

Бүгін 16:02

Алматының Әуезов ауданында екі балабақша ашылып, жаңа мектептер салынып жатыр

Бүгін 15:58

Алматының Әуезов ауданында инженерлік желілер жаңартылып, 35 шақырым кабель желісі қалпына келтірілді

Бүгін 15:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);