AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады

Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады

Медицина 06.01.2025, 14:46 824 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Сурет ЖИ

Адам күнделікті рационына дәмді тағамдарды қосуға тырысады: құнарлы сорпалар, ысталған және майлы ет, маринадтар, тұзды балық, сүт өнімдері, торттар және т.б. Біздің ағзамыз өмірлік қуат алу үшін осының бәрін қорытуға дайын. Бірақ барлығын бірдей тұтыну дұрыс па?

Адамның тамақтануы мен аурулары арасындағы тікелей байланыс ғылыми түрде дәлелденген. Жүрек-қан тамырлары аурулары әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда да, өлім-жітімнің басты себептерінің бірі болып табылады.

Жүрек – ағзадағы үздіксіз жұмыс істейтін және қанды айдай отырып, бүкіл денені қоректік заттар мен оттегімен қамтамасыз ететін жалғыз бұлшықет. Адамның ұзақ өмір сүруі мен жұмысқа қабілеттілігін барынша ұзақ сақтай алуы үшін жүрек-қан тамырлары жүйесінің түрлі ауруларын ерте анықтау маңызды. Сонымен қатар, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану әдеттері арқылы аурудың алдын алу қажет.

Кардиолог кеңесі:
«Дұрыс тамақтану – жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтудың ажырамас бөлігі. Шамадан тыс тамақтану асқазанды толтырып, диафрагманы басып, жүректің жұмысын қиындатады. Шамадан тыс мөлшерде ішкен сұйықтық та қосымша жүктеме тудырады», – дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиология және оңалту бөлімшесінің кардиолог дәрігері Талшын Қалиолдаева.

Жүрек-қан тамырлары аурулары кезінде тамақтану әдеттеріндегі қауіп факторлары мыналар:

  • жемістерді, көкөністер мен жидектерді аз тұтыну;
  • тұз бен қаныққан май қышқылдарын шамадан тыс тұтыну;
  • тағамда талшықтың жетіспеуі;
  • дұрыс тамақтанбауға байланысты артық салмақтың пайда болуы.

«Тағамдағы қоректік заттардың дұрыс арақатынасын сақтау және әртүрлі тағамдарды пайдалану өте маңызды. Дұрыс тамақтану жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтып қана қоймай, оларды емдеуде де маңызды рөл атқарады», – деп түсіндіреді дәрігер.

Жүрек-қан тамырлары ауруларын бақылауда ұстау үшін өз рационыңызды қадағалап, пайдалы тағамдарға басымдық беру қажет.

Зиянды тағамдардан аулақ болып, салауатты тамақтану арқылы денсаулығыңызды сақтаңыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жүрек #адам #дәрігер #тағам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);