AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Шахматтан өтетін 45-ші Олимпиадаға ел құрамасынан...

Шахматтан өтетін 45-ші Олимпиадаға ел құрамасынан кімдер барады?

Спорт 07.09.2024, 13:43 1,474 Nursok82
Шахматтан өтетін 45-ші Олимпиадаға ел құрамасынан кімдер барады?
cov.kz

10-23 қыркүйек аралығында Будапеште  шахматтан 45-ші Олимпиада өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Байрақты бәсекеге ерлер арасында 196, әйелдерден 184 мемлекеттен команда (барлығы 1896 спортшы) қатысады.

Аталмыш Олимпиадаға біздің елден баратын спортшыларымыз:

 Ерлер: Әлішер Сүлейменов, Қазыбек Нөгербек, Денис Махнев, Рамазан Жалмаханов, Алдияр Аңсат.

Әйелдер: Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Әмина Қайырбекова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман.

Олимпиада 9 раундтан тұратын швейцариялық ашық турнир форматында өтеді. Уақытты бақылау 40 жүріс үшін 90 минут, содан кейін ойынның қалған бөлігіне 30 минут беріледі. Бұл кезде бірінші жүрістен кейін келесісіне 30 секунд беріледі.

Айта кету керек, бүкіләлемдік шахмат Олимпиадасы 2 жылда бір өтеді. Осыған дейінгі доданы Үндістанның Ченнай қаласы қабылдаған. Сол кезде Бибісара Асаубаева бастаған әйелдер командасы (Жансая Әбдімәлік, Гүлісхан Нахбаева, Ксения Балабаева, Назерке Нұрғали) 352 ұпаймен үздік бестікті түйіндеді. Жансая Әбдімәлік 1-тақта бойынша қола медалды місе тұтқан болатын. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шахмат #Бибісара Асаубаева #олимпиада
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға бара жатқан жолда жоғалып кеткен 21 жастағы тұрғын аман-есен табылды

Бүгін 16:57

Ақжан мен Ақниет: Тоқаев тұлпарларын көрсетті

Бүгін 15:22

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Бүгін 13:44

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Бүгін 12:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);