AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Шахматшы Бибісара Асаубаева мектепті «Алтын белгіг...

Шахматшы Бибісара Асаубаева мектепті «Алтын белгіге» бітірді

Білім және ғылым 17.06.2022, 14:20 1,588 Almaty-akshamy
Шахматшы Бибісара Асаубаева мектепті «Алтын белгіге» бітірді
Cурет: Baq.kz

«Үздік аттестат» салтанатты түрде табысталды


Шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева мектепті «Алтын белгіге» бітірді. Бүгін ол оқитын Ақтаудағы АиТи-лицей түлектеріне «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» салтанатты түрде табысталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап. 


Шахматтан ең жас әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Ақтаудағы аити-лицейде 2019 жылдан бері білім алады. Мектеп қабырғасында жүріп «Әлемдегі ең жас чемпион» атанды. Жарыстарға үзбей қатысуға мүмкіндік беріп, демеу болған ұстаздарына алғысын жеткізді. 



«Бүгін біз үшін маңызды күн. Өйткені, қолымызға аттестатымызды алдық. Мен 3 жылдан бері Ақтауда оқимын. Биылғы оқу жылында шахматтан әлемнің ең жас жеңімпазы атанып, Азия чемпионы болдым. Маған білім беріп, қолдау білдірген мұғалімдер мен мектеп басшылығына  ризашылығымды білдіремін. Ал сыныптастарыма сәттілік тілеймін. Өйткені алда біздің өмірдің түрлі белесі күтіп тұр»,  – дейді "Алтын белгі" иегері Бибісара Асаубаева. 



Сондай-ақ осы күні Жаңаөзендік  түлектерге де  «Алтын белгі» төсбелгісі  табысталды. Биыл Жаңаөзен мектептерінен 1485 түлек түлеп ұшты. Оның 29-ы «Алтын белгі», 139-ы «Үздік аттестат» иегері атанды.


Биыл облыс бойынша 7 562 түлек мектеп бітірді. Олардың 174-і түлек «Алтын белгі», 515-  “Үздік аттестат” иегері атанды. Ал 44 оқушы республикалық пәндік олимпиада жеңімпазы атанса, облыстағы 7 білім ордасы еліміздегі  «100 үздік мектебінің» қатарына енді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шахматшы #Бибісара Асаубаева #алтын белгі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Бүгін 17:29

Алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды

Бүгін 17:12

«Патриотизм және Отанға деген сүйіспеншілік – әрбір командирдің міндеті» атты III республикалық форум өтті

Бүгін 15:52

Тоқаев Абай облысының әкімін қабылдады

Бүгін 15:35

Алматылық психолог жасөспірімдерді жұмыс туралы хабарландырулар арқылы есірткі бизнесіне қалай тартатынын түсіндірді

Бүгін 14:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);