AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шағын қала тұрғындары үшін жеңілдетілген ипотека б...

Шағын қала тұрғындары үшін жеңілдетілген ипотека бағдарламасы әзірленуде

Әлеумет 01.02.2022, 10:10 1,135
Шағын қала тұрғындары үшін жеңілдетілген ипотека бағдарламасы әзірленуде
Сурет: Inform.kz

Бұл бағдарлама шарты бойынша 20 жылға дейін кредит беріледі


«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Отбасы банк» АҚ даму әлеуеті төмен моноқалалардың тұрғындары үшін жеңілдетілген ипотека бағдарламасын әзірлеуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.


Бұл туралы Үкіметі отырысында холдинг басқармасының төрағасы Айдар Әріпханов айтты.


Оның айтуынша, бұл ипотеканың шарттары мынадай: бастапқы жарна - 10%, сыйақы мөлшерлемесі 5%-ға дейін, кредит мерзімі - 20 жылға дейін. 



«Қазіргі уақытта бағдарламаның негізгі параметрлерін мемлекеттік органдармен келісудеміз. Алдын ала есептеулер бойынша, бұл мақсаттарға 2022-2025 жылдары республикалық бюджеттен жыл сайын шамамен 11 млрд теңге бөлу қажет. Өнім 2022 жылдың бірінші тоқсанында іске қосылмақшы», - деп түсіндірді Айдар Әріпханов. 



«Бәйтерек» холдингінің басшысы облигацияларды сатып алу тетігі арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша өткен жылы әкімдіктерге жалпы сомасы 163,7 млрд теңге қорландыру, яғни бекітілген жоспардың 100%-ы берілгенін хабарлады.


"Тұрғын үй құрылыс жинақтары" жүйесі бойынша 2021 жылы халыққа жалпы сомасы 1,235 трлн теңгеге 82,2 мың жеңілдікпен қарыз берілді. "Отбасы банк" жүйесінде 1,5 трлн теңге болатын 2,2 млн шарт бар.


Үлестік тұрғын үй құрылысы бойынша жалпы сомасы 372 млрд теңге және ауданы 2 млн шаршы метр болатын 70 жоба кепілдендірілді.


Сондай-ақ, жеке құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау бойынша жобалар жалпы сомасы 27,8 млрд теңгеге мақұлданды (бұл 275 мың шаршы метр тұрғын үй), ал жоспар бойынша 20 млрд теңге болған. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жеңілдетілген ипотека #кредит #баспана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);