AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / «Сергек» камералары берешек автокөлік иелерін аны...

«Сергек» камералары берешек автокөлік иелерін анықтай бастады

Заң мен тəртіп 04.11.2021, 14:45 1,357
«Сергек» камералары  берешек автокөлік иелерін анықтай бастады
Сурет: Kt.kz

Алматыда «Сергек» камералары арқылы борышкерлерді анықтау рейдтері жүруде


Рейдті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке сот орындаушылар палатасы, Әділет департаменті және жол полициясы қызметкерлерімен бірлесіп жүргізуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Бүгін өткен рейдте «Сергек» камерасымен 534 мың теңгеге берешегі бар NISSAN PATROL маркалы автокөлік тіркелді. Бұл автокөлік табылып, айыппұл тұрағына қойылды. Қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, рейдтер ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады.


Бүгінде Алматы қаласы бойынша жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық берешегінің жалпы сомасы – 3,6 млрд. теңге. Борышкерлер саны - 40 541. Олардың берешегін өндіріп алу туралы бұйрықтар шығарылды және мәжбүрлі түрде өндіріп алу үшін атқарушылық іс жүргізу органдарына (Әділет департаменті және жеке сот орындаушыларының палатасына) берілді.


Айту керек, борышкерлер әлеуметтік төлемдер немесе жәрдемақылар, білім беру депозиттерін алу үшін қажетті шоттардан басқа шоттар аша алмайды. Сондай-ақ, салық міндеттемелерін өтемеген жағдайда заңнамада белгіленген мерзімде өсімпұл есептеледі. Салықтарды E-Salyq Azamat мобильді қосымшасы, Egov порталы арқылы, Қазпошта бөлімшелерінде, сондай-ақ, Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады.


Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қала тұрғындарын уақытылы салық төлеуге шақырады.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сергек #борышкерлер #Рейд
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Наурызбай ауданында жаңа балабақша ашылады

Бүгін 10:52

ТЖМ: Теректің мамығы өрт қаупін арттырады

Бүгін 10:13

Алматы оқушылары республикалық спорт додаларында жоғары нәтиже көрсетіп келеді

Бүгін 09:47

Бүгін – мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні

Бүгін 09:10

Бейсенбінің ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);