AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Алматы ICCA Congress 2026 қорытындысы бойынша іске...

Алматы ICCA Congress 2026 қорытындысы бойынша іскерлік туризм саласындағы халықаралық ұстанымын нығайтты

Әлем Бүгін 11:34 23
Алматы ICCA Congress 2026 қорытындысы бойынша іскерлік туризм саласындағы халықаралық ұстанымын нығайтты
Алматы әкімдігі

Іс-шараға әлемнің 80 елінен 1 293 делегат қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Панама қаласында өткен Халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығының (ICCA) 65-ші жыл сайынғы конгресі Алматыға әлеуетін халықаралық кәсіби ортаға таныстырып, жаңа іскерлік байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Іс-шараға әлемнің 80 елінен 1 293 делегат қатысты.

Almaty Tourism Bureau Visit Almaty бренді арқылы Алматының халықаралық іскерлік іс-шараларды өткізу мүмкіндіктерін таныстырды. Конгресс аясында команда шетелдік серіктестермен, кәсіби қауымдастықтар мен сала өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.

Әсіресе, медицина, ғылым, технология, бизнес және инновация салаларындағы іс-шараларға басымдық берілді. Бұл бағыттар халықаралық кәсіби қауымдастықтарды Алматыға тартуға, тәжірибе алмасуға және іскерлік ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.

ICCA Congress 2026 бағдарламасында ірі халықаралық іс-шараларды өткізуге өтінім дайындау, қабылдаушы қаланы таңдау өлшемдері, туристік бағыттарды ілгерілетуде жасанды интеллектіні қолдану, сондай-ақ университеттермен және әуе компанияларымен өзара іс-қимыл мәселелері қамтылды. Бағдарламаның шамамен 60 пайызы іскерлік кездесулер мен кәсіби байланыстар орнатуға арналды.

Конгрестің маңызды оқиғаларының бірі ICCA қауымдастығының жаңа президентін сайлау болды. Barcelona Convention Bureau директоры Кристоф Тессмар қауымдастық президенті болып төрт жыл мерзімге сайланды. Келесі конгресс 2027 жылы Кигалида (Руанда) өтеді.

Конгреске қатысу Алматыға халықаралық кәсіби байланыс аясын кеңейтуге, қаланың мүмкіндіктерін әлеуетті серіктестерге таныстыруға және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді. Алдағы уақытта орнатылған байланысты нығайтып, Алматыда халықаралық іс-шаралар өткізу бойынша тиісті қауымдастықтармен бірлескен жұмысты жалғастыру жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

21 қараша – Дүниежүзілік телевизия күні

Бүгін 11:43

Алматыда DEAF MADE – 2026 республикалық инклюзивті фестивалі өтті

Бүгін 11:36

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Ирменовті қабылдады

Бүгін 11:05

Алматы құрамасы WorldSkills Kazakhstan 2026 республикалық чемпионатына аттанды

Бүгін 10:09

Ұлттық өнердің өшпес өрнегі

Кеше 21:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);