AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда DEAF MADE – 2026 республикалық инклюзивті...

Алматыда DEAF MADE – 2026 республикалық инклюзивті фестивалі өтті

Білім және ғылым Бүгін 11:36 19
Алматыда DEAF MADE – 2026 республикалық инклюзивті фестивалі өтті
Алматы әкімдігі

Фестивальге колледж студенттері мен арнайы білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда еліміздің әр өңірінен келген есту қабілеті бұзылған дарынды жастардың басын қосқан «DEAF MADE – 2026» республикалық инклюзивті фестивалі өтті. Оған Алматы, Шымкент және Қарағандыдағы білім беру ұйымдарынан 50 қатысушы, сондай-ақ 19 жетекші мен бірге келген өкіл қатысты.

«Шығармашылық тілі. Тең мүмкіндік кеңістігі» ұранымен өткен фестиваль ерекше білім беру қажеттілігі бар жастардың шығармашылық қабілетін, кәсіби шеберлігі мен жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік берді.

Іс-шараны Алматы қаласы білім басқармасына қарасты Алматы технология және флористика колледжі ұйымдастырды. Фестивальге колледж студенттері мен арнайы білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері қатысты. Байқау бағдарламасы офлайн және онлайн форматта өтті.

Қатысушылар жұмысын бірнеше номинация бойынша ұсынды. «Біздің бренд» байқауында командалар жетістігі мен тың идеясын таныстырса, «Овация» номинациясында хореографиялық шеберлігін көрсетті. Ал «Ән мен ым-ишара» бағыты бойынша музыкалық шығармаларды ым тілінде орындады.

Фестивальдің жарқын сәттерінің бірі «Заманауи этностиль» сән көрсетілімі болды. Онда қатысушылар ұлттық дәстүрлер мен заманауи дизайнерлік шешімдерді үйлестірген бірегей киім топтамаларын ұсынды. Сонымен қатар жас шеберлердің шығармашылық әлеуеті мен кәсіби дағдысын танытатын авторлық және қолдан жасалған бұйымдар көрмесі ұйымдастырылды.

Байқау қорытындысы бойынша «Біздің бренд» номинациясында Алматы технология және флористика колледжі бірінші орын алды. «Овация» хореографиялық бағыты бойынша Алматы сервис және технологиялар колледжі жеңімпаз атанды. Ал «Заманауи этностиль» номинациясында Алматы қаласындағы №5 арнайы (түзету) мектеп-интернатының командасы үздік деп танылды.

Жүлделі орындарға Алматы қаласындағы №1 және №7 арнайы мектеп-интернаттарының, Шымкент қаласындағы Энергетика және байланыс колледжінің, Қарағанды жоғары инжиниринг колледжінің және Қарағанды технология және сервис колледжінің командалары да ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алтын, күміс және қола медаль табысталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

21 қараша – Дүниежүзілік телевизия күні

Бүгін 11:43

Алматы ICCA Congress 2026 қорытындысы бойынша іскерлік туризм саласындағы халықаралық ұстанымын нығайтты

Бүгін 11:34

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Ирменовті қабылдады

Бүгін 11:05

Алматы құрамасы WorldSkills Kazakhstan 2026 республикалық чемпионатына аттанды

Бүгін 10:09

Ұлттық өнердің өшпес өрнегі

Кеше 21:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);