AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / ҚазОжРҒЗИ «МҰРТТЫ ҚАРАША» акциясына қатысуға шақыр...

ҚазОжРҒЗИ «МҰРТТЫ ҚАРАША» акциясына қатысуға шақырады

Медицина Бүгін 19:03 46
ҚазОжРҒЗИ «МҰРТТЫ ҚАРАША» акциясына қатысуға шақырады
Алматы әкімдігі

Акция аясында «Мағыналы мұрт» челленджі өткізіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты ерлер денсаулығына, аурулардың алдын алуға және медициналық көмекке уақтылы жүгінуге назар аударуға бағытталған «Мұртты қараша» акциясына қосылуға шақырады.

Бастама Қазақстанда 1–30 қараша аралығында өтетін өкпе обыры мен қуықасты безі обыры туралы хабардарлықты арттыру айлығы аясында ұйымдастырылады. Институттың ресми ақпараттық ресурстарында аталған аурулардың қауіп факторлары, диагностикасы және емдеудің заманауи мүмкіндіктері туралы материалдар жарияланады.

Акцияның нышаны – мұрт. Қараша айында мұрт өсіру арқылы қатысушылар ақпараттық науқанға қолдау білдіріп, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңызын еске салады.

Акция аясында «Мағыналы мұрт» челленджі өткізіледі. Оған қатысу үшін:

1. Қараша бойы мұрт өсіру немесе бар мұртыңызбен акцияға қосылу.

2. Ерлер денсаулығына қамқорлық жасаудың маңызы туралы фотосурет немесе бейнеролик жариялау.

3. ҚазОжРҒЗИ-дың ресми парақшасын белгілеп, #Мұрттықараша, #ҚазОжРҒЗИМұрттыҚараша және #МұртпенҚолдау.

4. Эстафетаны үш досыңызға немесе әріптесіңізге жолдау қажет.

Акцияға қараша айының кез келген күнінде қосылуға болады. Мұрт өсіруді жоспарламайтын қатысушылар бастаманы жазба немесе бейнеүндеу арқылы қолдай алады. Тіркелу және ақшалай жарна төлеу талап етілмейді.

ҚазОжРҒЗИ блогерлерді, спортшыларды, журналистерді, барбершоп мамандарын және басқа да серіктестерді дәрігерлермен бірлескен бейнематериалдар әзірлеуге және сенімді ақпарат таратуға шақырады.

Ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстар @kazoncoinstitute институттың ресми парақшасына хабарлама арқылы қабылданады. Парақшада жариялауға ұсынылатын материалдарды #МұртӨсір белгісімен жолдау қажет.

Акцияның басты міндеті – ер азаматтарды өз денсаулығына көңіл бөлуге, туындаған сұрақтарды дәрігермен талқылауға және медициналық көмекке жүгінуді кейінге қалдырмауға ынталандыру.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрін таныстырды

Бүгін 20:00

Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды

Бүгін 18:30

Алматыда таеквондодан Қазақстан чемпионаты өтеді

Бүгін 18:11

Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті

Бүгін 18:08

«Қазақтың Қыз Жібегі»: Алматыда Меруерт Өтекешованың 75 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтеді

Бүгін 17:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);