Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Сенсация: Аргентина құрамасы әлем чемпионатында Са...

Сенсация: Аргентина құрамасы әлем чемпионатында Сауд Арабиясынан жеңілді

Спорт 22.11.2022, 13:29 1,356
Сенсация: Аргентина құрамасы әлем чемпионатында Сауд Арабиясынан жеңілді
Сурет: Ашық дереккөз

Бұл – әлем чемпионатындағы ең алғашқы сенсация


Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының үшінші ойын күнінде сенсациялық жағдай тіркелді. С тобында сынға түсетін Аргентина құрамасы алғашқы ойында Сауд Арабиясынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Ойынның алғашқы минутынан аргентиналық футболшылар тізгінді өз қолына алуға тырысқан еді. Десе де, оған Сауд Арабиясы құрамасы жол бере қойған жоқ.


Ойынның 10-минутында аргентиналық Лионель Месси пенальтиден есеп ашты. Бірінші кезеңде бұдан кейін таблодағы есепке өзгеріс ене қойған жоқ.


Екінші кезеңде Сауд Арабиясы құрамасының белсенділігі байқалды.


Нәтижесінде 48-минутта Салех Әль Шехри таразы басын теңестірсе, Салем Әль-Давсари 53-минутта өз құрамасын алға шығарды.


Айта кетсек, екі құрама бұған дейін төрт мәрте кездесті. Олардың барлығы жолдастық кездесу есебінде өткізілген.


Аргентина құрамасы алға қарай ұмтыла түсті. Дегенмен діттеген мақсатына жете алмай жатты.


Осылайша Сауд Арабиясы Аргентинадан 2:1 есебімен басым түсті.


Бұл – әлем чемпионатындағы ең алғашқы сенсация. Сондай-ақ, араб футболшылары өз тарихында тұңғыш рет Аргентинаны жеңді.


Бұған дейін екі құрама төрт мәрте кездесті. Екеуінде Аргентина басым түссе, екеуінде есеп тең аяқталды.


1988 жылы 6 шілдеде 2:2, 2012 жылы 14 қарашада 0:0 есебімен тең түсті. Ал Аргентина 1988 жылы 16 шілдеде 3:1, 1992 жылы 20 қазанда 2:0 есебімен жеңіске жетті.


Аталған топтағы бүгін, 22 қарашада Мексика және Польша кездесуі елорда уақытымен 22:00-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.


Еске салсақ, бұдан бұрын А тобында Англия құрамасы Иранды ірі есеппен жеңсе, Нидерланды Сенегалдан басым түсті.


Сондай-ақ, А тобындағы екі ойынның нәтижесі белгілі болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#футбол #Сенсация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49

Алматыда азық-түлік инфляциясы үш айда 3,1% болды

Бүгін 17:44

Алматының 2026-2028 жылдарға арналған ірі жобалары: IT, автокөлік өндірісі және фармацевтика

Бүгін 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика