AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Алматыда кәсіпкерлермен жаңа экологиялық талаптар...

Алматыда кәсіпкерлермен жаңа экологиялық талаптар талқыланды

Алматы құшағында Бүгін 18:17 34 yakiya
Алматыда кәсіпкерлермен жаңа экологиялық талаптар талқыланды
Алматы әкімдігі

Алматыда кәсіпкерлермен жаңа экологиялық талаптар талқыланды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматының Медеу ауданында атмосфералық ауаны қорғау және жаңа экологиялық талаптарға қатысты кәсіпкерлермен ақпараттық-консультациялық кеңес өтті. Кездесуге аудан әкімдігі, қалалық Экология және қоршаған орта басқармасы, жауапты басқармалар мен бизнес өкілдері қатысты.

Кездесуді ашқан Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин кеңестің негізгі мақсаты — кәсіпкерлерге жаңа экологиялық талаптарды түсіндіріп, оларды кезең-кезеңімен әрі түсінікті түрде енгізуді қамтамасыз ету екенін атап өтті.

«Әңгіме бизнесті жабу немесе қысым көрсету туралы емес. Біздің мақсат – кәсіпкерлерге жаңа нормалардың мәнін түсіндіріп, айыппұлдар мен тәуекелдердің алдын алу үшін қандай қадамдар жасау қажет екенін дер кезінде жеткізу», — деді Еркебұлан Оразалин.

Кездесу барысында қатысушыларға Алматыдағы атмосфералық ауаның қазіргі жағдайы туралы ақпарат ұсынылды. Мамандардың мәліметінше, Алматы агломерациясындағы жалпы шығарындылар көлемі жылына 225 мың тонна болады, оның 189 мың тоннасы тікелей Алматы қаласына тиесілі.

Қалада экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бірқатар жүйелі шаралар қолға алынғаны айтылды. Қазіргі таңда Алматыдағы жеке секторды газдандыру деңгейі 99,4 пайызға жеткен. Сонымен бірге 2-ЖЭО мен 3-ЖЭО-ны газға көшіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл зиянды шығарындылар көлемін 92 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, қоғамдық көлік паркін жаңарту жұмыстары жалғасуда. 2024 жылдан бастап Алматыда қалалық маршруттар үшін дизельді автобустар сатып алу тоқтатылды. Соңғы жылдары қала үшін 2,9 мыңнан астам экологиялық автобус сатып алынған.

Автокөлік шығарындыларын бақылау да күшейтілген. Қазіргі уақытта Алматыда ауа сапасын бақылайтын 19 стационарлық экобекет пен 4 мобильді зертхана жұмыс істейді.

Кездесу аясында кәсіпкерлерге 2025 жылы 30 желтоқсанда қалалық мәслихат бекіткен атмосфералық ауаны қорғаудың жаңа қағидалары таныстырылды. Құжатта төмен шығарындылар аймақтарын (LEZ) енгізу, бизнес нысандары мен автокөлікке қойылатын жаңа талаптар, сондай-ақ экологиялық бақылауды күшейту қарастырылған.

2026 жылы сәуір айынан бастап қаланың орталық бөлігінде пилоттық LEZ-аймақ жұмыс істеп келеді. Ал 2027 жылдан бастап бұл талаптарды Алматының бүкіл аумағына кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр.

Жаңа экологиялық талаптар қоғамдық тамақтану орындарына, техникалық қызмет көрсету станцияларына, коммерциялық моншаларға және III санаттағы өзге де нысандарға қатысты болады. Олар үшін сүзгілер мен тазарту жүйелерін орнату, экологиялық таза отын түрлеріне көшу және шығарындыларды тұрақты өлшеу міндеттеледі.

Медеу ауданы аумағында атмосфералық ауа сапасына әсер ететін 249 қоғамдық тамақтану орны, коммерциялық монша және техникалық қызмет көрсету станциясы орналасқан.

Сондай-ақ, кәсіпкерлерге жабдықтарды жаңғырту мен шығарындыларды тазарту жүйелерін орнатуға арналған жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламалары туралы да ақпарат берілді.

Кездесу соңында аудан әкімі экологиялық мәселелерді шешу қала билігі мен бизнестің бірлескен әрекеті арқылы ғана жүзеге асатынын айтты.

«Жаңа талаптарды шектеу ретінде емес, бизнесті жаңғыртуға, оның тұрақтылығын арттыруға және тұрғындардың сенімін күшейтуге мүмкіндік ретінде қабылдау қажет. Аудан әкімдігі мұны қолдауға, кеңес беруге және шешім табуға көмектесуге дайын», — деп сөзін түйіндеді Еркебұлан Оразалин.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Бүгін 19:02

Үнемшілдік - үлкен мәдениет

Бүгін 18:52

Алматыда тұрғындарға арналған тегін жүгіру жаттығулары басталды

Бүгін 18:15

Алматыда «Жастар ысырапшылдыққа қарсы» челленджі басталды

Бүгін 18:12

Қарызға құрылған "әдемі өмір": әлеуметтік желідегі көзбояушылық неге қауіпті?

Бүгін 17:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);