AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сенатор Сарыбаев спорт саласына қатысты сын айтты

Сенатор Сарыбаев спорт саласына қатысты сын айтты

Әлеумет 17.11.2022, 09:52 1,305
Сенатор Сарыбаев спорт саласына қатысты сын айтты
Сурет: 24.kz

"Спорт федерациялары өз бетінше ашылады және республикалық бірлестіктерден оқшау өмір сүреді.


Ал олардың бапкерлері жас балаларды жаттығуға тартып, жеткіншектердің денсаулығына зиян тигізуі мүмкін", - деп есептейді сенатор Ғалиасқар Сарыбаев.


Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев еліміздің спорт саласында қалыптасқан жағдайды сынға алды. Бұл туралы ол еліміздің Премьер-Министріне жолдаған депутаттық сауалында жария етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Сенатор қазіргі уақытта спорттағы балалардың жүктемесіне алаңдаулы. Мұндай жағдай, әсіресе, жекпе-жек өнерінде кең таралған. Ол: «Жас ұрпақтың денсаулығына теріс әсер етеді», – дейді.


Осы орайда депутат жаттықтырушылар мен төрешілерді тіркеп, қызметін лицензиялауды ұсынды. Ал балаларға тәрбие-жаттығу әдістемелерін дайындау керектігін алға тартты. 



«Жаттығушылар балаларды ерте жастан спортқа тарту тенденциясын қалыптастырды. Тіпті қазіргі кезде елімізде белгіленген жас ерекшеліктері мүлдем сақталмай отыр. Жарыстарда кейбір әділетсіз төрешілердің кесірінен кейбір спортшылардың сағы сынып, спортпен қоштасуда. Тағы бір ескеретін жағдай, бұрын балалар мен жасөспірімдердің жылына қанша жарысқа қатысуына болатындығын реттейтін нормалар болған. Қазіргі уақытта біздің елімізде мұндай нормалар қабылданбаған. Осындай жағдайлар федерациялардың өз бетімен ашылып, жұмыс істеп  жатқандығы да әсері», - деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғалиасқар Сарыбаев. 



Телеграм арнаға жазылыңыз
#сенатор #сын #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Бүгін 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Бүгін 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Бүгін 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);