AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дү...

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Әлеумет Бүгін 21:37 23
Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Бүгінде Байжұма отбасында төрт ұл өсіп келеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласындағы 78639 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, ефрейтор Жылу Байжұманың жұбайы үш қызымен перзентханадан шықты.

Бүгінде Байжұма отбасында төрт ұл өсіп келеді. Олар – Дархан, Данышпан, Нұрислам және Дастан. Жақында осы көпбалалы отбасында үшем қыздар дүниеге келді. Жаңа туған сәбилерге Айбибі, Айбике және Айкүнім есімдері берілді. Отағасы болса, әзірге шаңырақтағы ерлер саны басымырақ деп күлімдейді.

Ерлі-зайыптылар көпбалалы отбасы күнделікті жауапкершілікпен қатар, өзара көмек пен бір-біріне деген үлкен қамқорлықты қажет ететінін жақсы түсінеді. Жақындарының махаббаты мен қолдауы ефрейтор Жылу Байжұмаға қызметтік міндеттерін орындауда күш-жігер мен сенімділік береді.

Жылу Байжұма – энергиямен қамтитын радиоорталық бөлімшесінде аға маман – аға электрик-дизелист қызметін атқарады. Әскери бөлім басшылығы оны жауапты, адал әрі ұжыммен бірлесе жұмыс істейтін білікті әскери қызметші ретінде сипаттайды.

Мектепте педагог-психолог болып еңбек еткен Ақмарал енді өзінің кәсіби білімі мен тәжірибесін жеті баланың тәрбиесінде қолданамын деп отыр. Өйткені әрбір балаға көңіл бөліп, қолдау көрсету, қабілетін ашуға көмектесу және жақындарына қамқор болуға үйрету аса маңызды.

Үлкен отбасы үлкен жауапкершілік пен күнделікті ата-ана еңбегін қажет етеді. Алайда оның негізінде ең алдымен махаббат, өзара түсіністік және бір-біріне сүйеу болу жатыр. Ақмарал мен Жылудың пікірінше, ештеңемен өлшеуге келмейтін нағыз отбасылық байлықтың мәні де осында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Бүгін 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Бүгін 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15

Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 18:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);