Жастарды қолдау және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алматыда сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар Жетісу ауданының жастарымен кездесу өткізді. Жастар комьюнити орталығында өткен жиында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, жастарды қолдау және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесуге «Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар, Жетісу аудандық сайлауалды штабының мүшелері және ауданның белсенді жастары қатысты.
Жиын барысында 2026-2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарына таныстырылып, жастарды жұмыспен қамту, сапалы білім алуға қолжетімділікті арттыру, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және қалалық инфрақұрылымды дамытуға қызығушылық танытты.

Кездесу барысында «Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Әкежан Кеңесов жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуы және олардың ұсыныстарын ескерудің маңыздылығына тоқталды.
«Жастардың сапалы білім алып, өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуы және кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдай жасау маңызды. Бүгінде жас буынды толғандыратын мәселелерді тікелей өздерінен естіп, олардың ұсыныстарын назарға алу қажет. Өйткені қаланың болашақ дамуы жастардың мүмкіндіктері мен белсенділігіне тікелей байланысты», - деді Әкежан Кеңесов.
Кездесу жастардың пікірін тыңдауға, оларды толғандыратын мәселелерді талқылауға және ауданның даму бағыттары бойынша өзара пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: С.В. Канкуров
Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.