AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сенат проблемалы несиелерге қатысты құжатты қабылд...

Сенат проблемалы несиелерге қатысты құжатты қабылдады

Әлеумет 23.06.2022, 07:02 1,594
Сенат проблемалы несиелерге қатысты құжатты қабылдады
Сурет: INFOX.ru

Заң жобасында сервистік компаниялар институтын құру қарастырылған.


Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Стрестік активтердің 4 тобы бар. Осы орайда төлеу мерзімі 90 күннен асқан кредиттер 870 млрд теңге сомада, қайта құрылымдалған кредиттер 936 млрд теңге сомада, өндіріп алынған мүлік 156 млрд теңге сомада және банктердің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарының активтері 356 млрд теңге сомада қамтылған. Банктердің балансын жұмыс істемейтін кредиттерден мемлекет қаражатын тартпай тазартудың нарықтық тетігін құру маңызды. Бұл тұрғыда стрестік активтердің өтімді нарығын дамыту қажет. Стрестік активтер нарығын құру үшін осы заң жобасы 4 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді», - деді М. Әбілқасымова.



Біріншіден, заң жобасында стрестік активтерді авторизацияланған сатып алушылардың қолданыстағы тізімін жеке инвесторларды қосу арқылы кеңейту көзделген.


«Қазіргі уақытта Банктер туралы заңның 36-1 бабына сәйкес, авторизацияланған сатып алушылар тізіміне екінші деңгейдегі банктер, банктердің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдары, Проблемалық кредиттер қоры, коллекторлық агенттіктер және басқа да қаржы ұйымдары кіреді. Бұл ретте, тізім кеңейтіліп, банктердің және микроқаржы ұйымдарының стрестік активтерін жеке инвесторларға сату құқығы беріледі. Жеке инвесторларға заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің тек проблемалық қарыздарын сатып алуға рұқсат етіледі. Заң жобасында қарыз алушы – жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін олардың несиелерін инвесторларға сату ескерілмеген», - деді агенттік басшысы.


Екіншіден, заң жобасында сервистік компаниялар институтын құру қарастырылған. Олар инвесторларға проблемалы кредиттерге қызмет көрсету және басқару қызметтерін іске асырады.



«Сервистік компаниялардың функцияларын тиісті тәжірибесі мен құзыреті бар банктердің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарына және коллекторлық агенттіктерге беру ұсынылады. Сервистік компаниялар активтерді сенімгерлік түрде басқарады, өндіріп алудың жеке стратегиясын әзірлейтін болады және стрестік активтердің иелеріне басқа да қызметтер көрсетеді. Заң аясындағы деңгейде сервистік компаниялар үшін капиталдың мөлшері, нарықтағы жұмыс тәжірибесі, мінсіз іскерлік беделінің болуы сияқты жоғары талаптар белгіленетін болады. Агенттік белгіленген талаптарға сәйкес келетін сервистік компаниялардың тізілімін жүргізіп, олар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады. Бұл қарыз алушылардың құқықтарын қорғаудың қосымша тетігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, себебі аталған ұйымдар Агенттіктің реттеу аясына жатады», - деді М. Әбілқасымова.



«Заң жобасы өндіріп алынған мүліктің, яғни банктің меншігіне өткен мүліктің банктердің және микроқаржы ұйымдарының теңгерімінде болуы үшін шекті мерзімді 3 жыл деп белгілеуді қарастырады. Бұл банктер мен микроқаржы ұйымдарын стрестік активтерді экономикалық айналымға жедел түрде тартуға ынталандырады», - деді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сенат #кредит #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АШМ: 2027 жылғы өнімге қажетті тұқым қорының 90%-ы дайындалды

Бүгін 12:00

Шаруаларға астықты кептіруге қосымша 41,3 мың тонна дизель отыны бөлінді

Бүгін 11:56

Алматының Алмалы ауданында көшені тазалау кестесі өзгерді

Бүгін 11:32

Алматының орталығында бірыңғай жаяу жүргіншілер бағыты қалыптасып, тұрғын үйлердің қасбеті жаңарып жатыр

Бүгін 11:29

Инвестиция мен әлеуметтік инфрақұрылым: Алмалы ауданының биылғы көрсеткіші

Бүгін 11:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);