Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сенат мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қа...

Сенат мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігін жоюды ұсынды

Әлеумет 27.01.2022, 05:01 1,163
Сенат мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігін жоюды ұсынды
ru.taldykorgan-online.kz

Сенаторлар мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігін жоюды ұсынады. Бұл норма бүгін палатаның жалпы отырысында сенаторлар қараған «Тұңғыш Президент - Елбасы туралы» Конституциялық Заңда жазылған, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заң жобасын, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын қарады.



Бұл ретте «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» Заңында депутаттық мандаттарды бөлу кезінде квотаны міндетті есепке алу туралы норманы заңнамалық бекітуге және әйелдер мен жастардан басқа, мүгедектігі бар адамдар үшін квота белгілей отырып, квота берілетін санаттарының тізбесін кеңейту ескерілген. Яғни, депутаттарды Мәжіліске тіркеген кезде партиялық тізімде үш санат өкілдерінің: әйелдердің, жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың және мүгедектігі бар адамдардың саны тізімге енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс, бұл квота депутаттық мандаттарды бөлу кезінде де сақталуы тиіс.



Бұдан бөлек депутаттар «Қауіпсіздік Кеңесі туралы» және «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңдарға бұрын ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды талқылады. Түзетулерде Елбасының Қауіпсіздік Кеңесінде және Қазақстан Халқы Ассамблеясында өмір бойы төрағалық ету құқығының күшін жою көзделеді.


Жоғарғы Палата депутаттары мәжілісмендердің бұрын айтылған барлық өзгерістерін мақұлдады. Бірақ, өз түзетулерін ұсына отырып, заң жобасын төменгі палатаға қайта қарауға қайтарып отыр.



«Сенаторлар заңнамаға енгізіліп отырған мемлекетіміздің Қауіпсіздік Кеңесін, Қазақстан Халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы өзінің қызметіне сәйкес басқаруы тиіс деген өзгерістерді қолдады. Сонымен қатар заңды талқылау барысында бір норма енгізіліп отыр. Ол – «Тұңғыш Президент туралы» заңнан мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты бастамаларды Елбасымен келісілуге тиіс деген норма алып тасталып отыр. Сондықтан да Сенат заңнамаға енгізілген өзгерістерді тұжырымдамалы түрде қолдап, бір өзгеріспенен Мәжіліске қайтарып отыр»,- деп атап өтті сенатор Ләззат Сүлеймен.



Енді бұл түзетуді Мәжіліс депутаттары қарайды және қабылданған жағдайда Заң жобасы Президентке қол қоюға жіберіледі.


Сонымен қатар Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгін қаралған заң жобалары Мемлекет басшысының елімізді жаңарту бағдарын іске асыруға арналғанын атап өтті.



«Соған сәйкес, Мәжілістегі депутаттық мандаттардың кемінде 30 пайызы кепілді түрде әйелдерге, жастарға және мүгедектігі бар адамдарға беріледі. Бұл Парламенттің өкілді функцияларын күшейтеді, сондай-ақ оның жұмысына барлық маңызды әлеуметтік топтардың қатысуына кепілдік береді. Мұндай қадам қабылданатын заңдардың сапасына әсер ететіні сөзсіз. Мүгедектігі бар адамдарды Мәжіліс құрамына қосу Парламенттің инклюзивтілігін де арттырады. Бұл осы санаттағы азаматтарды еліміздің жалпы саяси өміріне белсенді жұмылдыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қабылданған нормаларға сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті халық пен мемлекеттік билік бірлігінің нышаны әрі кепілі ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесін басқарады», - деді М.Әшімбаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Елбасы #Сенат #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шетелдік инвестор Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Бүгін 18:01

Қаланың үздік студенттері WorldSkills Almaty 2026 чемпионатында бақ сынап жатыр

Бүгін 17:56

Өскеменде 16 жастағы қызды жігіті пышақтап кеткен

Бүгін 17:13

Алматы Наурызды рекордтармен, цифрлық киіз үйлермен және жаңа форматтағы қалалық кеңістіктермен атап өтті

Бүгін 16:30

Абай университеті – әлемдік элитада: педагогтар даярлау бойынша әлемнің топ-50 қатарына енді

Бүгін 16:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика